«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Start-up Turan»: алматылық студенттер бизнес-жобалар байқауында бақ сынады

2019 жылғы 25 Сәуір
- Алматы қаласы
5269 просмотров

Алматы және Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері «Start-up Turan» қалалық бизнес-жобалар байқауына қатысты

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «Тұран» универистеті, жастар арасында кәсіпкерлікті тиімді өмірлік стратегия ретінде танытумен қатар, өз бизнесін құруға ынталандыру мақсатында бастамашы жастар арасында байқау өткізді. Байқау барысында студенттер ақпараттық-әдістемелік көмек алып, соның ішінде бизнесті жүргізудің жаңа және тиімді нысандары мен әдістері бойынша кеңестер алды.

Қазылар алқасына 44 өтінім келіп түсті, оның ішінде жоғары көрсеткіштері бар 10 жоба көпшілік алдында қорғауға жіберілді. Олардың қатарында Сафи Өтебаев атындағы «Атырау Мұнай және газ» университеті, Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, «Нархоз» универстеті,  3 жоба «Тұран» университетінен және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің жобалары жолдама алды.

«Сарапшылардың шешімі бойынша «Start-up Turan» қалалық бизнес-жобалар конкурсында III орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінен келген «Мерекелік қызмет көрсету орталығы» жобасы және «Тұран» университетінің «Өнер тарихына көз сал» жобалары болса, ІІ орынды «Нархоз» университетінен келген «REMP мобильді қосымшасы» және «Біздің мұра» жобасымен «Тұран» университетінің студенттері алды, ал І орынды «Тұран» университетінің «ArmLife» жобасы иемденді», – деп айтты «Тұран» университетінің проректоры Гүльнар Нұрмұханова.

Жобаның инновациялылығына байланысты жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:

- Алматы қаласы «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының дипломдары және мақтау қағаздарымен;

- үздік бизнес-жобалар (start-up) қазақстандық ЖОО студенттерінің үздік start-up жобалары тізіміне енгізіледі;

- start-up байқауына ұсынылған жобалары бойынша өз бизнесін жүргізуге тілек білдірушілерге, Алматы қаласының «АТАМЕКЕН» Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау көрсететін болады;

- «Тұран» университетінің бакалавриаты мен магистратурасында оқуға 30-дан 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылады;

- 150 мың теңгеге дейінгі мөлшерде неғұрлым перспективалы жобаны ілгерілету үшін бастапқы капитал беріледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер