«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«BASTA»: жай ғана баста!

08 Қазан 2019 - Нұр-Сұлтан қаласы
744 просмотров

Елордалық бизнес бастауыш кәсіпкерлерге жергілікті базарларда сауда алаңдарын тегін беруге дайын

Нұр-Сұлтанда «BASTA» кезекті сенбілік кездесуі өтті, онда «Бастау» жобасының тыңдаушылары «Нұр» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Қайырлы Таукен және жас кәсіпкер, «Craft Cheese» брендімен ірімшік пісіретін цех ашқан Әлібек Назарбаевпен кездесті. Бизнесмендер тәжірибелерімен бөлісті.

 Мамандығы бойынша заңгер Қайырлы Таукен көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2005 жылы ол өзінің алғашқы бизнесін ашты. Бүгінде кәсіпкер астанадағы «Биг Шанхай» және «Көк базар» атты екі базардың иесі.

 Қайырлы Таукен өз табыс тағылымын айта отырып, тыңдаушылардың барлығына тиімді ұсыныс жасады.

 

«Бизнестегі алғашқы қадамдардың қиындығын түсіне отырып, мен бастауыш кәсіпкерлерге базарларымызда екі айға тегін орын беруге дайынмын. Келіп, жұмыс істеп, кәсіпті дамытыңыздар!» – деді кәсіпкер.

Аудитория мұндай ұсынысқа риза болып, қол соқты.  

Әлібек Назарбаев та әсерлі сөз сөйледі. Ірімшік пісіру идеясы оған Түркияда оқуын бітіріп, Қазақстанға оралған уақытта келді. Нарықты зерттей келе Әлібек елорда сөрелерінде отанддық өнім тапшы екенін түсінді. Ірімшіктерді әзірлеу технологиясын ол Түркиядан әкелген.

 «Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасында оқуға қатыстым, кәсіпкерлік негіздерін меңгердім. Қазіргі негізгі клиенттерім – елордалық мейрамханалар ірімшікті бөлшек сатылыммен алады. Ары қарай оқып, бизнесімді дамытпақпын», – деді Әлібек.

 Биыл Әлібектің жас компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысты.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер