«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мықты брендті қалай құруға болады?

2019 жылғы 30 Желтоқсан
- Алматы қаласы
6674 просмотров

Маркетологтар клубының XXXIV кездесуі өтті

Алматы қаласы ӨКП бизнес-мектебінің бизнес-тренері Людмила Лазарева «бренд» сөзінің шығу түбін әңгімелеп берді.

«Бұл сөз көнескандинавтық «brandr» сөзінен құрылған, оның мағынасы «өртеу, от» дегенді білдіреді. Мал иелері малға ен салатын таңба осылай аталған. Мәселен, «мына сиыр бір көзді Еріктікі» деген белгі қойылған. Брендтің замануи тәржімасында бұл компанияның символикасы мен иделогиясының үйлесімі. Бренд дегеніміз әдемі сурет салып, тәтті ертегі ойлап табу. Содан кейін алтын жауынның жауғанын күту. Бренд – сіз туралы басқа адамдардың ойлауы», – деді спикер.

  «Сізге мықты бренд керек пе? Ол сізге не береді? Брендті өзгеше бір нәрсеге ғана: бәсекелестерден ерекшеленетін өнім немесе компанияға құруға болады. Егер сапаңыз онша болмаса, онда бренд құра алмайсыз, өйткені тұтынушылардың есінде қалмайсыз немесе олар сізге сенбейді», – деді Людмила Лазарева.

Сонымен қатар спикер жеке брендті қалыптастырудың қыр-сырын айтты.

 «Мықты бренд сізге үздік мамандарды әкеледі, оларға жақсы жұмыс істеуге мотивация береді. Сіз ең үздік персоналды оңай қалыптастырасыз. Атағы дардай компанияда мамандар жалақы басқа компанияларға қарағанда ~ 10%-ға төмен болса да жұмыс істеуге дайын болады. Бренд өнімділікті арттырып, адамдардың жұмыс істеу тиімділігін арттырады», – дейді маман.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер