«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО Кәсіпкерлер палатасы малды сырттан әкелуге салынған тыйымды алып тастауға ниетті

2020 жылғы 28 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7685 просмотров

СҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте М. Жұмабаев ауданы кәсіпкерінің өтінімі қаралды. ЖШС басшысынан былтыр күзде импортталған малды қайтаруды талап етуде

«Агро-Комплекс-Сулышок» ЖШС-на өткен жылдың қазан айында «Симментал» асыл тұқымды 50 бас ірі қара әкелінді. Малды словакиялық фирма ұсынған, алайда шетелдік тайыншалар Чехия еліне тиесілі екені анықталды.

«Жеткізуші фирма  словакиялық, ал мал Чехия Республикасынан екен. Карантиннен өттік, малды кіргіздік. Бірақ асыл тұқымды малға – симментал тұқымы статусын беру үшін Асыл тұқымды ірі қара мал жөніндегі палатаға өтінім бергенімізде палата растаудан бас тартты», – деді ЖШС жетекшісі Қайрат Жәнібеков.

Проблема Қазақстанға малды кіргізуге тыйым салу жарияланғаннан орын алған. Оған өткен жылы шілде айында Вице-министр Г.С.Исаевтың төрағалығымен өткен жиыннан кейін №16-06/95 хатамма негіз болған. Жиында өзге елден мал тасымалдауға уақытша тыйым салу туралы мәселе қаралған.  Осы хаттамаға жүгіне отырып, Ветеринарлық бақылау комитетінің Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы жоғарыда көрсетілген малды жүк жөнелтушіге қайтару шараларын қабылдау бойынша ұйғарым қабылдады.

  «Ірі қара малды кіргізуге қатысты шектейтін шаралар нормативтік-құқықтық актілер түрінде рәсімделуі тиіс. Ал жиынның хаттамасы нормативтік-құқықтық акті емес. Бүгінгі таңда Чехиядан мал тасымалдауға тыйым салатын нормативтік-құқықтық акті жоқ. Егер НҚА болмаса, тыйым да жоқ деп санаймыз», – деп түсіндірді бөлім бастағы Айдос Кеңбейілов.

Осылайша мал мәселесі өткен жылдың 6 желтоқсанынан бері шешілмей келеді. Серіктестікте 2 аптаға жуық уақыт қалды. Одан кейін кәсіпкер малды утилизацияға жеберуі тиіс. Сондықтан Кеңесте мәселені жедел қарап, тараптарды тыңдады.

 «Комитетіміздің басшылығынан аталған малды қайтару мақсатында хат келді. Ал оны біз ұйғарым жіберсек қайтара аламыз. Мен солай істедім. Жұмабаев ауданындағы әріптесіме ұйығарым жазу бойынша жазбаша тапсырма бердім», – деді Ветеринарлық бақылау комитетінің Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясының жетекшісі Марат Ыбыраев.

 Өз кезегінде облыс прокуратурасы да ұйығарымға жауап берді.  

  «Біз үшін мәселе жаңа емес. Аталған проблемамен қаңтар айынан бері айналысып келеміз. Аудан прокуратурасы тиісті талдау жүргізіп, облыстық аумақтық инспекцияға қадағалау актісін енгізді. Іс жүзінде қазан айында Комитет бұл малды кіргізуге рұқсат берген. Барлығын құжат және физикалық түрде тексерді. Бүгінгі таңда күмәнға негіз жоқ. Ветеринарлық инспекторлардың әрекетін заңсыз деп санаймыз. Тиісті арыз енігзілді. Өз тарапымыздан барлық тиісті шараларды қабылдаймыз», – деді облыс прокурорының көмекшісі Гүлмира Бопанова.

 Жиын қорытындысы бойынша палата сарапшылары ветеринарлардың әрекетін анықтау бойынша шара қолдану үшін Жұмабаев аудандық прокуратурасына да хат жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер