«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер жұмысын қалай бастай алады? «Атамекен» өңірлік әкімдіктерге InfoKazakhstan платформасын таныстырды

2020 жылғы 06 Тамыз
12154 просмотров

17 тамыздан бастап кәсіпкерлер локдауннан шыға бастайды. Қызметті бастау үшін кәсіпкерлерге санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсат алу қажет. 

Кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсатты infokazakhstan.kz сайтынан ала алады. Жұмысқа тыйымды алып тастау жөніндегі алгортим және жұмысты жаңартуға өтініштерді қабылдау туралы ақпаратты Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев айтты. 

«Электронды цифрлық қолтаңба арқылы кәсіпкер платформаға тіркеледі, кәсіпті іске қосу туралы ережені жүктеп, нысанды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманының келуіне немесе ашуға дайындайды. Кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық қызмет әзірлеген және ашуға қажетті ережелерді қамтитын өтінішті жүктеуі қажет. Аталған платформаны іске қосу келесі аптаға жоспарланған, демек сол уақыттан кәсіпкерлер өтініштерді толтыра алады», – деді Максим Барышев.

Өтініш келесі мәліметтерді қамтиды: 
- нысан атауы; 
- бизнес иесінің аты-жөні мен байланыс деректері; 
- қызметкерлер саны; 
- нысанның ашылған күні; 
- нысан типі (№836 бұйрық); 
- кәсіпорын қуаттылығы; 
- санитарлық паспорттың болуы (болған жағдайда)

«Кәсіпкер жекелей тіркеуді қажет ететін бірнеше нысанды тіркей алады. Өтінішті толтырған соң кәсіпкер барлық санитарлық талаптарды сақтау бойынша жауапкершілікті міндетіне алады, ары қарай өтініш санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жіберіледі. Егер бизнестің формасы бұйрық талаптарына сәйкес келмесе, онда кәсіпкер тексерусіз жұмысын бастай алады. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан тексерудің бірнеше нұсқасы бар: комиссияның көшпелі тексеруі және бейне түсірілім арқылы қашықтан тексеру», – деп түсіндірді спикер.

Егер ескертпелер болмаса, онда кәсіпкер InfoKazahstan платформасында жеке кабинеті арқылы жұмыс істеуге рұқсат алады. Талаптарға сай келмеген жағдайда жеке кабинетте олқылықтарды реттеуге қатысты ұсынымдар беріледі. Олқылықтарды реттеген соң кәсіпкер қайтадан өтініш беріп, ескертпелер орындалғанын белгілей алады. Кез келген азамат кәсіпорынның санитарлық нормаларды бұзғаны туралы шағым түсіре алады. 

Жеке кабинетте кәсіпкер өтініштің қаралу статусын, электронды өтінішті, азаматтардан ұсынымдар мен шағымдарды бақылай алады. 

Қызмет түріне рұқсаттың барын қалай тексеруге болады?
Сайттың басты бетінде кәсіпкер/азамат БСН/ЖСН нөмірін енгізіп, рұқсаттың болуын тексере алатын терезе құрылады. 
! Сауда және ойын-сауық орталықтар мен сауда базарлары үшін комиссияның келуі және әкім орынбасарының қол қойған бұйрығы бойынша рұқсат алудың арнайы тәртібі жасалған. 
СҚО әкімі орынбасарының айтуынша, арнайы рұқсатты беру үшін әкім орынбасарлары нормативтік-құқықтық актімен регламенттелген қажетті құзыретке ие болуы шарт. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлердің қауіпсіз учаскілерге мониторингті жүргізу бойынша идеясын қолдады. Сайтта индикаторлы карта орналастырылып, онда: ұялы байланыс абоненттерінің тығыздық деректері, ПТР тестілерін жасайтын зертханалардың жүктелуі, 103 қызметіне түскен шақыртулар мен келушілер шағымдары жарияланатын болады. 

«Мәліметтердің осы төрт блогы эпидемиологиялық қатерлердің картасын көруге мүмкіндік береді. Шартты түрде картада қызыл түс – адамдарды шоғырлануының жоғары деңгейін көрсетеді, орташа болса – сары түс және жасыл аймақтар түзеледі. Қатері жоғары аймақтарға тексеруге топтарды жіберуге болады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шағым тіркелмесе, тексерумен келуге құқы жоқ, сондықтан шағым түскен соң мониторингтік топтағы полицейлер тексеруге шыға алады. Бұзушылықтың орын алғаны расталып, тіркелсе, нысанға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет барады», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеев.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Абылханов жергілікті атқарушы органдар және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы қалай іске асырылатыны жайында сауал тастады. 

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бұл жұмысты қалай атқарады? Сайтта шағымдарды бақылайтын топ құрыла ма әлде өңделген шағымдар мемлекеттік органдарға келіп түсе ме?» – деп сұрады Ержан Абылханов. 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев ТЖ кезінде осында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 

«Мұндай жұмыс бізге таныс. Жергілікті атқарушы органдар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және Ұлттық палата өкілдерінен құрылған жұмыс тобы іске кіріседі, сондай-ақ барлық өтініштер жинақталған штаб іске қосылған болатын. Органдардың өзара әрекеттесуі өңірдің бас санитарлық қаулысында жазылды», – деді Сапарбек Тұяқбаев.

InfоКazakhstan платформасының stopcovid.kz сайтымен өзара әрекеттесуі мәселесін БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев көтерді. 

«Біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз аталған сайтпен жұмыс істеуге үйреніп қалды. Оны наурыз айында әзірледік, сайттарды бір-біріне байланыстыруға мүмкіндік бар ма, біз жүктеменің бір бөлігін шешер едік», – деді спикер.

Максим Барышев өңірлік сайтта InfoKazakhstan платформасына өтетін терезені техникалық тұрғыда құруға болатынын айтты. 

«Сұрақтар көп болатынын түсінеміз, сондықтан бізге call-орталықтар қажет. Ұлттық палата шамамен 20 маманды жұмылдыруға дайын, алайда бүкіл ел ауқымын қамти алмаймыз. Жергілікті атқарушы органдарды кәсіпкерлерге өңірлерде жұмыс істеуге рұқсат алу бойынша механизмдерді түсіндіру бойынша жұмыста көмектесуді сұраймыз», – деп «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма

Төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев әкімдер орынбасарларына үндеу тастады.
Аптаның соңына қарай әзірлеушілер сайтты жетілдіріп, кәсіпкерлерге оны жаңарған нұсқада таныстыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер