«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодарлық кәсіпкер өрнекті тоқуды қолға алған

2020 жылғы 08 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
7140 просмотров

Есіл ауданы Явленка ауылының тұрғыны  Светлана Егорова биыл қыркүйекте «Плюшки-ватрушки» наубайханасын ашты. Кәсіпкер «Бастау» жобасына қатысты.

Жоба бойынша оқуға Светлана 2018 жылы қатысқан. Ал несие алып, жеке кәсіп ашуға енді ғана шешім қабылдаған. 6 млн теңге көлемінде қаржыландыру алған кәсіпкер тәулігіне 500 өнім қуаттылығымен наубайхана ашты. Нан-тоқаш ассторименті сан алуан. Жобаны іске асыру арқылы екі жұмыс орны құрылды.

 «Тегін оқуға қатысып, кәсіп бастағанымен өте қуаныштымын. Оқу барысында құнды білім мен өзіме деген сенімді алдым. Білім мен туыстарымның қолдау арқасында жеке кәсіп ашу туралы шешім қабылдадым – балкүлше, нан-тоқаш өндіруді қолға алдым. Палата филиалының маманларына көрсетілген көмек үшін алғыс білдіремін», – деп атап өтті жеке кәсіпкер  Светлана Егорова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер