«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудан тұрғындары кәсіпті «Бастаумен» қолға алуда

2020 жылғы 24 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
6343 просмотров

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 62 адам оқуға қатысты, соның ішінде жартысы жеке кәсіп бастады

Бұл туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Мұхамеджан Жақсыбаев хабарлады.

 «Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде бизнес негіздері бойынша оқытудан 62 адам өтті. Соның ішінде 34 адам Ауыл шаруашылғын қаржылай қолдау қоры арқылы жеңілдікпен несие алды. Қаржыландырудың жалпы сомасы 69,5 млн теңге. Тағы екі түлек 200 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грантты иеленді», – деді М.Жақсыбаев.

 Шал ақын ауданынң тұрғындары жиі таңдаған  кәсіп түрлері – мал шаруашылығы және жүк тасымалдау. Палата өкілінің айтуынша, кәсіп ашуда білікті болу үшін кәсіпкерлік негіздерді оқуға жастармен қатар, көп балалы отбасылар да ынта танытуда.

 «Бастаудың» 34 түлегі ішінен бизнесті дамытуға несиелерді 6 көп балалы ана алған. Олардың бірі Алена Гросс – төрт баланың анасы. Курс аяқтаған соң Алена Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық 4 пайызбен 4 млн теңге сомасында несие рәсімдеді. Осы қаражатқа олар жолдасы екеуі жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін «Газель» автокөлігін, сондай-ақ ауыз су және техникалық суды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысын сатып алды. Осылайша отбасы бірден екі кәсіпті қолға алды», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Мұхамеджан Жақсыбаев.

Өңірде мал шаруашылығы жасы үлкен кісілер және жастар арасында да сұраныста. Сергеевка ауылының 24 жасар тұрғыны Асылхан Жағыпаров жылдық 6 пайызбен 1 млн теңге сомасында несие рәсімдеді. Осы қаражатқа ол сүтті бағыттағы ірі қара малын сатып алды. Оның құрдасы Жоламан Қайырбаев оқу аяқтаған соң  жылқы өсіремін деп шешті. Ол үшін Жоламан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылдық 6 пайызбен 4 млн сомада жеңілдікпен несие алды.

 «Түлектеріміз жеке кәсіп ашып, қаржыландыруға қол жеткізгендеріне қуанамыз. «Бастау» жобасына қатысып, кәсіпте алғашқы қадам жасап жатқан адамдарға табыс тілейміз. Өз тарапымыздан олардың әрқайсысына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді М.Жақсыбаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер