«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын жеке балабақшалар оларға шағын жинақты балабақша статусын заңды түрде бекітуді сұрайды

2021 жылғы 17 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7878 просмотров

Мұндай ұсыныс «Атамекен» ҚР ҰКП басшысы Тимур Құлыбаевтың СҚО  Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен онлайн режимінде кездесуі кезінде жасалды

Ұсынысты «АБВГДЕЙКА» ЖШС директоры, Өңірлік кеңестің мүшесі Ольга Жаркова айтып, жан басына қаржыландырудың жаңа әдістемесі (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген) жеке балабақшалардың жұмыс ерекшелігін ескермейтінін атап өтті. Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жан басына қаржыландыру шеңберінде бюджеттен бөлінген қаражат типтік балабақшаларға да жеткіліксіз, ал шағын жинақты балабақшалар жабылу алдында тұр.

 «Бүгінде күн көрі үшін кәсіпкерлер ата-ана төлемін көтеріп, қызметкерлер мен балалардың  тамағынан үнемдеуге мәжбүр. Шағын балабақшаларға 2021 жылы бөлінетін қаржы 50 пайыздық қосымша төлем мен еңбекақыға және өтемалық төлемдерге ғана жетеді. Барлық салықтар – зейнетақылық, табыс салығы, әлеуметтік салық, медициналық сақтандыру және басқа да шығыстар, сондай-ақ жалға алу және несиелер ата-ана төлемінен өтелетін болады. Облысымыздағы еңбекақы деңгейін ескерсек, ата-ана төлемінің өсуі балалар санының азаюына, соның салдарынан жеке балабақшалардың банкроттығына әкеледі.  Көбі жабылуға мәжбүр болады. Шағын балабақшалар статусын, шағын жинақты мектептер және колледждерге ұқсас заңдық тұрғыда бекітуді ұсынамыз», – дейді  Ольга Жаркова.

Айта кетелік, СҚО-да қазіргі кезде 24 жеке балабақша бар, соның ішінде 12-сі шағын балабақша. Оларда 18-ден 60 балаға дейін тәрбиеленеді.

Толық жағдайды сипаттау үшін кәсіпкер Петропавлдағы жеке балабақшалар ала алмай қалған сомаларды атап өтті.

«Бірнеше мысал келтіре кетейін, қаржыландыруға қажеттілігі 18,3 млн теңгені құрайтын 18 бала контингентпен «Няня» жеке кәсіпкерлігі бюджет бойынша 2021 жылға 8,3 млн теңге алды. Осылайша, жетіспеген сома 10 млн теңгені құрап отыр. Тағы бір мысал – «Ашық Аспан» ЖШС 53 балаға бюджет бойынша 16,2 млн бөлінді, ал қажеттілік 27,9 млн теңгені құрайды. Демек, бұл балабақша 11,7 млн теңге ала алмады. Мұндай есептеуде жылдың соңында бірде бір шағын балабақша қалмайды. Мәселе шешімін таппаса, сәйкесінше балабақшаларға кезек өсіп, біқ 10 жылға артқа шегінеміз», – деп қорытындылады «АБВГДЕЙКА» ЖШС директоры Ольга Жаркова.

Кәсіпкерге түсіндіргендей, шағын балабақша статусын нормативті бекітіп, осы қажеттілікті Үкіметке негіздеу үшін елдің басқа өңірлерінде белгілі бір талдау жүргізу қажет, бұл іске «Атамекен» жақын арада кіріседі.

«Бізде қанша шағын балабақша бар екенін түсіну үшін республикадағы жағдайды саралаймыз. Негізінде бүгінде бұл бағыт өте қарқынды дамып келеді және инвесторлар осы салаға ынтамен кіріседі. Оның үстіне, бұл негізінен әйелдер бизнесі, сондықтан, әрине, осы саламен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау қажет. Біз шағын балабақшалардың нарықта жұмыс істеу құқығына ие болуы үшін бәрін жасаймыз. Жақын уақытта бұл мәселе бойынша тиісті министрлікпен нормативтік жұмыстар жасалады», – деп қорытындылады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер