«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ashyq жобасына қалай қатысуға болады?

2021 жылғы 28 Шілде
43894 просмотров

Неден бастау керек?

1. Жұмысты қайта бастауға рұқсатты   infokazakhstan.kz сайтынан алуға болады

Қызметті хабарлама тәртібінде тексерусіз қайта бастау үшін:

1-қадам. Infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру.

3-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу.

4-қадам. Жеке кабинетке және электронды поштаға дайындық туралы актіні алып, жұмысты бастау.

Егер бизнесіңіз көпшілік жиналатын кәсіп түріне жатса (қоғамдық тамақтану нысаны), сондай-ақ тактильді байланыс және балаларға қатысты болса, онда жұмысты бастауға рұқсат алу үшін санитарлық талаптарға сәйкестікке тексеруден өту керек.

 1-қадам.  Infokazakhstan.kz сайтына кіріп, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу.

2-қадам. Бас санитар дәрігердің қаулысын жүктеп, сіздің нысаныңызға қойылатын талаптармен танысып, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру. Әр талапты мұқият оқып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.

 3-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.

4-қадам. Барлығы талапқа сай болса, сайттағы жеке кабинетке және электронды поштаға санитарлық талаптарға сәйкестік актісін – қызметті бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.       

                     

БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлама немесе жұмыс істеуге рұқсат болуы керек.

 Егер қолыңызда хабарлама болмаса:

1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз. 

2-қадам. «Денсаулық сақтау» бөлімінде «эпидемиологиялық қаупі төмен нысан қызметін бастау туралы хабарлама» хабарлама тәртібін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

 3-қадам. Компания деректерін толтырып, хабарлама нөмірі мен санын сақтап қойыңыз. Бұл ақпарат Ashyq жобасына қатысуға өтінім беру үшін қажет.

 4-қадам. Хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

 Егер сізде хабарлама немесе рұқсат болса, оның нөмірін білу қажет:

 1-қадам. elicenze.kz сайтына кіріңіз және өз компанияңыздың ЭЦҚ кілті арқылы кіріп/тіркеліңіз. 

 2-қадам. «Менің хабарламаларым» бөлімінде ашу немесе алынған рұқсаттар туралы жіберілген хабарламалардың тізімі көрсетілуі тиіс.

 

 2. infokazakhstan.kz сайтында QR-код алуға өтінім рәсімдеу

1-қадам. «Менің өтінімдерім» бөлімінде «Ashyq QR» түймесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетіңізге өтіңіз.

2-қадам. Өтінімді рәсімдеңіз.

3-қадам. Өтініміңіз «Атамекен» ҰКП-ның өңірлік өкілдігіне түсіп, жоба шарттарына сәйкестікке тексеріледі.

 4-қадам. Мақұлдаудан кейін infokazahstan.kz платформасы QR-код шығарады.

5-қадам. Кодты алып, оқудан өтіп, 1 апа бойы сынақ режимінде жұмысты бастаңыз.

Қосымшаны сәтті қолданып жатсаңыз, әкімдік нысанды сайттағы тізімге қосады.    

 БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Қоғамдық тамақтану нысандары (банкет залдары, мейрамханалар, кафе, караоке клубтары) өтінімді сааллық қауымдастықтар арқылы береді.

 

«Күзетші» режимін қалау алуға болады?

Режимді қосу 4 әрекеттен тұрады.

 1-қадам. infokazakhstan.kz сайтына кіріңіз.

2-қадам. «Менің өтініштерім» бөлімінде «Ashyq QR» терезесін таңдаңыз, деректерді енгізіп, жеке кабинетке өтіңіз.

 3-қадам. Режимді іске қосу үшін нысаныңыздың деректері жанындағы «әрекет» жолағын басып, «күзетші» режимін таңдаңыз, бизнес нысан қолданысындағы нөмірді енгізіңіз.

4-қадам. «күзетші режимін қосу» жолағын таңдаңыз.

Жобадан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?

- мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарын бұзу фактісін анықтап, растайды;

-нысан келушілерді check-in тексеруін 3 күннен бері жүргізбей келеді;

Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін бұзған қатысушы, мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 аптаға шеттетіледі.

 Жұмыстың қолданыстағы алгоритмін қайтадан бұзған қатысушы мониторинг топтың қорытындысы бойынша жобадан ең кемі 2 айға шеттетіледі.

 

 Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 «Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

 «Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі.  Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

 «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

 «Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

 Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке   qr-код беріледі.

 Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.

 

   


  1. Статусты нысанға кірмей қашықтан тексеруге мүмкіндік қарастырылған ба?

Иә, статусты үйден шықпай-ақ http://ashyq.kz/ сайтынан қашықтан тексеруге болады. Статусты тексеру үшін қосымшаны жүктеп алу қажет. Осы ретте сайтта орналасқан QR бейтарап болады, яғни код ешқандай бизнес нысанына жатпайды.

 Орта есеппен тәулігіне 3 мыңнан астам азамат осы сервисті пайдалануда. Күніне қашықтан 80-130 азаматтан «қызыл» статус анықталып жатыр.

  1. Қосымшада вакцина алған адамдар қалай анықталады?

Ағымдағы жағдайда вакцина алған адамдар туралы деректер қосымшада көрінбейді. Қазіргі кезде «Ashyq» жобасын вакциналау паспортымен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйелерді интеграциялаудан кейін вакцина алған азаматтарға қосымшада «жасыл» статус белгіленеді. Сонымен қатар COVID-19-ке ПТР-тестілеуі (72 сағат) теріс шыққан адамдарда «жасыл» статус болады.

«Көк» статус ПТР тестілеуі жоқ және науқас адамдармен байланыста болмаған адамдарға беріледі.

Қосымшаның қалған әдістемесі өзгеріссіз қалды.

  1.  Нысандарға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіру азаматтардың еркін қозғалуға қатысты конституциялық құқығын бұзбай ма?

 Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмайды, өйткені «Ashyq» жобасын бизнес субъектілері ерікті түрде қосып жатыр. «Ashyq» жобасына қатысушы бизнес иесі келушілер статусын тексеру жауапкершілігін өзіне алады. Бүгінде нысанға кірерде «қызыл» статусты 1236 адам және «сары» статусы бар 541 адам анықталған.

Келушілердің статусын тексеру келушілердің өзіне артықшылық береді, өйткені «Ashyq» жобасын іске қосқан нысанға барған адам айтарлықтай қауіпсіздікте болады. Сондай-ақ, вирусты жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаның қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесін ұзарту тұрғысынан жеңілдіктер ала алады.

  1. «Көк» статус деген не, ПТР-тестілеуді мүлде тапсырмаған адамдар қоғамдық орындарға баруға жол ашатын «көк» статустың берілуі қоғам үшін қауіпсіз бе?

«Көк» статус бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.

  1. Егер ковидпен бұрын ауырған адамның статусы «жасыл» емес «көк» болып шықса?

«Жасыл» статус келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді.

  1. Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай сақталады (байланыс нөмірлері, ЖСН)?

Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы «Электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инрфақұрылымы операторы болып табылатын  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверінде қорғалған контурда орналасқан.

  1. «Ashyq» жобасын AppStore арқылы жүктеуде техникалық олқылықтардың шығуына қатысты пікір білдірсеңіздер?

AppStore есептік саясатының өзгеруіне байланысты қосымшаны ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап жүктеп алу уақытша тоқтатылды. Өз кезегінде осы күнге дейін мобильді қосымшаны AppStore арқылы жүктеп алған азаматтар қосымшаны қолдана береді, ал жаңа қолданушылар нысандарға бизнес субъектісінде орнатылған «күзетші режимі» арқылы кірген. 5 мамыр күні AppStore-дан қосымша бұғаттан шығып, жүктеуге қолжетімді болды.

  1. Қосымшада азаматтардың жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігі бар ма?

«Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға қатысты функциясы жоқ. Телефон баптауларында әр адам қосымшаның неге рұқсат сұрап жатқанын көре алады.


 9. Сынақ режимі деген не? Сынақ режимінде жобаға қатысып жатқандарға жеңілдіктер қарастырылған ба? Қатысушылар мен сынақ-қатысушылар арасында қандай айырмашылық бар? Сынақ кезеңінің ұзақтығы қандай?

 Бизнес субъектілері QR-кодын алғаннан бастап алғашқы 7 күн сынақ режимінде жұмыс істеуге құқылы, яғни процестерді реттеп, қызметкерлерді оқытады. Сынақ режимінде жұмыс істеп жатқан ұйымдарға «Ashyq» жобасы аясында қарастырлған барлық жеңілдіктер беріледі.

Тестілеу кезеңінде бақылау топтары қатысушыларға қатыссты ескерту жасай алады, бірақ оларды жобадан шығармайды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, егер мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкерлік субъектісі 2 аптаға жобадан шығарылуы мүмкін.

  1. «Ashyq» жобасын қатысатын және қатыспайтын ШОБ нысандарының жұмыс кестесінде қандай айырмашылық бар?

 Қосымшаның індетке шалдыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушылар басқа бизнес субъектілеріне қарағанда жұмыс кестесі бойынша бірқатар жеңілдікке ие. Мысалға «қызыл» аймақта бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, көрмелер жұмысына тыйым салынған. Бірақ, осы салаларда Ashyq жобасымен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жекелеген шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат алады.  Шектеулер және жеңілдіктер тізімі Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысымен анықталған.

  1.  Мемлекеттік органдар Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей ме? Оларға қосымшада жұмыс істеу алгоритмдері бизнестен бөлек пе?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуі ерікті ретінде мүмкін, жеңілдктер берілмейді.

  1. Мониторинг топтары заңсыз әрекет жасаса, қайда хабарласуға болады?

 ҚР Бас прокуратурасында 115 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін), осы нөмірге кәсіпкерлер карантиндік шектеулер бойынша тексерулер кезінде мониторинг топтарының заңсыз әрекеттері туралы шағым түсіре алады. Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың өңірлік мобильді топтары тәулік бойы жұмыс істейді.

  1.  «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары кім?

Жобаға ерікті қатысушылар ретінде қызметіне жұмыс істеу рұқсат етілген (Бас санитар дәрігердің №18 қаулысына сәйкес) және карантиндік кезеңге арналған іс-шараларды жүргізудің бекітілген алгоритмдері бар нысандар қосыла алады.

 «Ashyq» жобасына ерікті қатысушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылмаған. Жобаға ерікті қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктер сайттарына жариялау жоспарланған.

  1. Шетелдік азаматтарды қалай белгілеуге болады?


Қазіргі кезде бейрезиденттерді нысанда төлқұжат нөмірін қолмен теру арқылы тіркеуге болады. Шетелдіктер ПТР тапсыруында төлқұжат деректері терілетіндіктен Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен салыстыру іске асырылып, келушіге сәйкес статус беріледі.

  1. Желі немесе қосымшаның өзінде техникалық ақау орын алса не істеу керек?

 Интернет, wi-fi-ға байланысты техникалық ақаулар шыққанда бизнес субъетісі жұмыс істеуін тоқтатпайды. Техникалық кедергілер туындаған кезде нысанға «күзетші режимін» қосып, келушінің деректерін қолмен теруге кеңес береміз

16. «Ashyq» қосымшасын қолданудағы ең басты артықшылық қандай?

Қосымшаның басты артықшылығы – қауіпсіздік.  Қазіргі кезде бизнес коронавирустың қайта өршу қаупіне байланысты айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеп жатыр. Бір жағынан халық та осы режимге бейімделіп, әдеткі белсенділіктен бас тартуға мәжбүр. ,

«Ashyq»  қосымшасы  QR-код және ПТР базасымен интеграция арқылы қоғамдық орынға келушінің ковид-статусын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық нормалармен қатар қосымша бақылауды қамтамасыз етеді.

Нысанға келушілер мен персоналдың індетті жұқтыру тәуекелдері азайғандықтан пилоттық жоба карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 Қосымшаның іске қосылуынан бері үші ай ішінде «қызыл» және «сары» статусы бар карантин режимін бұзған  600-дан астам келуші анықталды. Көбі – Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тұрады.

17. Көпшіліктің пікірінше, қосымша адамдардың жүріп-тұруын бақылау үшін іске қосылған. Вакцина салдырғандар және салдырмағандар деп бөлу көзделген бе?

 Қосымшаны іске қосуда халықтың жүріп-тұруын бақылау көзделмеген, бастысы – қоғамдық орындарда инфекция жұқтырғандар және науқас адамдармен байланыста болған адамдардың нысандарға келуін шектеу, індетті жұқтыру қаупін төмендету. «Ashyq» қосымшасы вакцинация статусын есептемейді. Келушінің «қызыл/сары» статусы сәйкесінше індетті жұқтырған және науқас адаммен байланыста болғанын көрсетеді.

18. Нысанға баруды қалай жоспарлауға болады? «Сары» және «қызыл» статус қанша уақытқа дейін сақталады?

Егер адам инфекцияны жұқтырса немесе науқас адаммен байланыста болса, онда 14 күн бойы үй карантинінде жатуы керек. 14 күн өткен соң оған «көк»  статус автоматты түрде беріледі, егер үй карантині аяқталған соң ол теріс нәтижелі ПТР-тестін алса, оған «жасыл» статус беріледі.

 «Қызыл» статус оң нәтижелі ПТР-тесті шыққан соң 14 күннен кейін алынып тасталады. Тестілеуден теріс нәтиже алған соң статус «жасыл» түске ауысады, ол 3 күнге жарамды. Егер тестілеу қайта тапсырылмаса, статус «көк» түскен өзгереді.

 «Сары» статусы бар адамдар (науқаспен байланыста болған) COVID-19 індетіне оң нәтижесі бар науқастармен байланыста болған күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткен соң «көк» статусқа ауысады.

19. Статусты QR кодты қолданбай ЖСН арқылы тексеруге бола ма?

Егер, келуші өз статусын тексере алмаса, онда бұл процедураны ресепшен әкімшісі/қызметкер «күзетші» режимі – келушінің рұқсатымен базаға ЖСН дерегін қолмен енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

20. Көпшілік бұл қосымша алдағы уақытты ақылы болады деген пікірде (кәсіпкерді ақылы қосымшаға байлап қоюдың жаңа әдісі).

Қосымшаны қолдану кәсіпкерлерге де, азаматтарға да тегін.

21. Ресепшн қызметкері «қызыл» статусы бар адамға қызмет көрсеткен болса, «байланыста болған» деп есептеле ме?  

 Жоқ, ресепшн қызметкерлері әлеуметтік арақашықтық пен маска кию режимін сақтап, келушілермен аз уақыт тілдесетіндіктен байланыста болған деп саналмайды. Науқас адаммен бірге тұратын, науқас адаммен жұмыс орнында, бір кабинетте, цехте, сыныпта үнемі бірге болған адам «байланыста» болған деп есептеледі.

22. QR-кодты нысаннан шыға берісте сканерлеу қажет пе?

Жоба іске қосылған кезде бұл міндетті шарт болған. Алайда Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес QR-код шыға берісте сканерлеу талап етілмейді.

23. Нысандарға бару үшін ПТР-тестіні қайта-қайта тапсыру керек пе?

Нысандарға келу мақсатында ПТР-ды арнайы тапсыру қажет етілмейді. Егер соңғы ПТР-тестілеуден кейін 3 тәуліктен аса уақыт өтсе, сізге «көк» статус беріледі, бұл статуспен нысандарға кіруге рұқсат.

24. Егер «қызыл» статус жанса, осындай статусы бар адам неге белгіленген режимді ұстанбайды, жауапты орган неге бақыламайды?

КВИ-ді жұқтырған барлық адамдарға, соның ішінде байланысты болғандарға медициналық ұйым тарапынан 14 күндік карантинде болу (егер ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаса) қажеттілігі туралы қолхат алынады. Бүгінде  індетті жұқтырған адамдардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу фактілерін анықтау кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінің алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритмді Ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 7 желтоқсанында мақұлдады. Сондай-ақ, тәртіпті бұзған адамдарға қаысты айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

25.  Мәселен, ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) коды азық-түлік дүкенін ашуға берілген, бірақ дүкенмен қоса фитнес-орталық ашқан бизнес субъектілері бар ма?

Фитнес-орталығына QR-код алу үшін ЭҚЖЖ қызмет түріне сәйкес келуі шарт. Сәйкестік тиісті бақылау жүргізу үшін қажет, өйткені әр қызмет түріне жеке шектеулер белгіленген.

Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес нысанның ЭҚЖЖ-ға сәйкес келмеуі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуға рұқсат бермеуге негіз бола алады. Заңды тұлғаны уақытында тіркеуге кеңес береміз. 

26. Қосымшаға енгізілген жеке деректер қалай қорғалады? Осыған кім жауапты?

Қазіргі кезде «Ashyq» қосымшасы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке тексеріліп жатыр. Сонымен қатар аталған қосымшаның сервері «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы саналатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-тың қорғау контурына алынған.

27. «Ashyq» жобасы аясында нысанға келушілерді тексерусіз кіргізген қатысушыларға жауапкершілік қарастырылған ба?

 Қарастырылған. Бас санитар дәрігердің 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қосылған нысандарда кәсіпкерлік субъектілері келушінің статусын QR- код немесе ЖСН арқылы тексереді. Жобаға қатысушы шектеу шаралары, соның ішінде карантин талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда сәйкес шараларды мониторинг тобы іске асырады.

 Ағымдағы жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы, мониторингтік топтың нәтижелері бойынша жобаға 2 аптадан ерте уақытта қосыла алмайды.

28. Қосымша жұмысында ақау шығып (статус көрсетілмей, СМС келмесе), статустар тексерілмеген жағдайда мониторинг тобы жаза қолдана ма?

Қазіргі таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеушілері осындай мәселелерді болдыртпау үшін барлық қажетті техникалық шараларды қолға алған. Қабылданған шаралар жобаны 26 сәуірден бастап ел ауқымында таратуға мүмкіндік береді.

 Жуық арада техникалық ақауларда әрекет ету алгоритмі әзірленеді, ол жеке хабарланады.

 29. Жобаға ерікті қатысушы ретінде өтініш қалай беруге болады? Салалық қауымдастық арқылы өтініш беруге бола ма?

Салалық қауымдастықтың байланыс деректері, өтінім беру тәртібі, оны Infokazakhstan сайты арқылы толтыру форматы, соның ішінде ерікті қатысушы болу ережесін өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан білуге болады.

 30. Бұл шараның халыққа пайдасы қандай?

Қауіпсіздік.  Бүгінде кез келген формада (ауру белгілері бар немесе белгілері жоқ) COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қол қолтаңбамен растайды.

Алайда көп жағдайда өзін-өзі оқшалау режимі бұзылып жатады. Аурып қалған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, коронавирустың таралуына себепші болады.

Қосымша осындай келушілерді анықтауға және басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.

31. Бұл қалай жұмыс істейді?

 «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба жоқ па анықтауға мүмкіндік береді.

Яғни жобаға қатысушы – бизнес субъектісі қолданылып жатқан санитарлық нормалармен (маска, термометрия, бөлмені желдету және т.б.) қоса қосымша бақылау жүргізеді. Келушілер мен персоналдың індетті жұқтырып алу қатері азайғандықтан жоба келешекте бизнес пен халыққа карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

 32. Осы мобильді қосымшаның әзірлеушісі кім?

  «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен  отандық ІТ-компания әзірлеген.

 33. QR-код кімге беріледі – бизнес субъектісіне, әлде келушіге ме?

QR-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі.

34. Жүйе адамдардың жүріп-тұруын шектей ала ма?

 Бүгінде жекелеген қызмет түрлерінің (боулинг, бильярд, караоке, компьютер залдары және т.б.) жұмысы бойынша санитарлық шектеулер бар. Бір жылға жуық уақыт бұл нысандар жұмыссыз. Сонымен қатар демалыс күндері жұмыс істемейтін және өңір қызыл аймаққа түскенде жұмысы тоқтайтын бірқатар субъектілер (мысалы, фитнес-клубтар) бар.

«Ashyq» қосымшасы қауіпсіз қызметке жағдай жасау арқылы, керісінше келешекте карантиндік шектеулерді азайту және азаматтардың жүріп-тұруын оңайлатуға жағдай жасайды.

 35. Адамдарды байланыссыз термометриямен бақылау практикасы неге жеткіліксіз болды?

 Термометрия Covid-19 індетінің ең айқын белгілерінің бірін (дене қызуының көтерілуі) анықтауға көмектеседі. Осы қосымшаны қолдану нысанға келушілер мен персонал қауіпсіздігінің қосымша кепілі.

 36. Қосымшаны қолдану баршаға міндетті бола ма?

Кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны қолдануға міндеттемейді.

 Осы жылдың 17 қаңтарынан баста пилоттық режимде «Ashyq» қосымшасын бірнеше фитнес-клуб, спа-орталықтар, сауналар және ресепшіні бар басқа да нысандар қолдана бастады. Пилотқа қатысу ерікті жүргізіледі.

37.  Фитнес-орталықтар мен SPA-салондарынан басқа нысандар қосымшаны қолдана ала ма?

 Әрине қолдана алады, келушілері мен персоналының қауіпсіздігіне алаңдайтын бизнес иелері өз қалауынша қолдана алады.

 Жобаға әр түрлі бизнес түрлерінің қатысу алгоритмдері бизнес қоғамдастық және санитарлық дәрігерлермен келісіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір комментаторлар жазатындай, қосымшаны сауда орталықтары, базарлар, үй жанындағы дүкендер мен қоғамдық көліктерде күшпен қолдану жоспарланбайды.

 38. Қосымшаны қолдану қаншалықты қиын уақыт жағынан шығынды ма?

  1. Нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек (1 рет, алдына ала енгізген абзалырақ).
  2. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлеу керек. Экранда статус (көк, жасыл, қызыл немесе  сары) көрінеді.
  3. Шыға берісте – нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу керек.

39. Мобильді қосымша смартфоны жоқ адамдарға кедергі келтіре ме?

Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.

 40. Статус түсі нені білдіреді?

Жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады.

Көк статус –ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ.

Сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам.

Қызыл статус– жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

 41. Нысанға келген сайын ПТР-тестіні тапсыру қажет пе?

 Әрине қажеті жоқ.

42. Статус қаншалықты ұзақ сақталады?

 Барлық статустар уақытша құбылыс. Жасыл статус – 3 күн, яғни ПТР анықтама жарамдылығына пара пар.

«Қызыл» немесе «сары» – ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен бойда және науқас немесе жақын байланысатын адам үшін белгіленген оқшаулау режимінің аяқталғаннан соң алынып тасталады  

43. Осы жоба елде жаппай вакциналауды бастаумен байланысты ма?

 Бұл жобаның КВИ-ға қарсы вакцияналаумен байланысы жоқ.

44. Бұл жоба басқа ауруларға шалдыққан (ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары), тұмау және т.б.) азаматтарды  есепке ала ма?

 Жоқ, жоба басқа инфекциялық аурулармен байланысты емес.

 QR-кодты сауда және ойын-сауық орталығы, дәріханалар, үй жанындағы дүкендерге орнату міндетті бола ма?

Жоқ, егер кәсіпкерлік субъектісі оны өз еркімен орнатқысы келмесе, жобалық кеңсе осы нысандарға қосымшаны орнатуды қарастырмаған.

45. Нысаннан шығарда QR-кодты не үшін сканерлеу керек?

Нысан жұмысының режимін бақылау үшін. Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға мүмкіндік береді.  Осылайша мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігі азаяды.

46. Әлемде мұндай практика енгізілген елдер бар ма?

Бүгінгі таңда QR-кодтарды қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең таралған. Басқа елдерде де балама қондырғылар бар.

 47.  ЖСН бойынша деректер қайда жіберіледі?

 Деректер ешқайда жіберілмейді және қосымша профилінде қалады. Енгізілген деректер бойынша QR-кодты сканерлеуде пайдаланушы статусын тексеру жүргізіледі.

 Пилоттық жобаға қатысушы-кәсіпкер клиенттің «қызыл» статусы туралы СЭҚ қызметіне хабарлауы қажет?

 Иә, жергілікті атқарушы органдардың үйлестіру орталықтары және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберуі керек.

 48. Пилоттық жоба бойынша ресми аккаунт құрыла ма, барлық қажетті ақпарат қайда жарияланады?

 Қазіргі кезде телеграмда @support_ashyq_bot техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Қосымша таралатын болса басқа арналарды қосу қарастырылуда.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер