«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Конституцияға түзетулер: кәсіпкерлер де елді басқаруға қатыса алады

2022 жылғы 31 Мамыр
- Шымкент қаласы
10594 просмотров

Өңірлік кеңес Төрағасы Қайрат Молдасейітов пен Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев 500-ден астам адам еңбек ететін «Триумф M. М.С.» және «Еврокристалл» ЖШС жергілікті кәсіпорындарында конституциялық реформа бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Республикалық референдумның маңыздылығы, оны өткізу шарттары мен ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылды.


«Триумф M. М.С.» ЖШС – «ASPAN» сауда маркасымен терезе жүйелерінің ПВХ - бейіндерін шығаратын компания. Спикерлер ұжымға жаңа Қазақстанды құрудағы өзгерістердің маңыздылығын түсіндірді.


«Еліміздің Негізгі заңына түзетулер - бұл демократияландыруға қарай жасалған, қоғамды түбегейлі жаңғыртуға жол ашатын нақты қадам. Мысалы, суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға көшу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейту, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту», - деп атап өтті Қайрат Молдасейітов.


«Евро Кристалл» ЖШС - шыны ыдыс өндіретін заманауи зауыт. Бұл жерде сөз сөйлеушілер елдің жаңа саяси жүйеге көшуі елдің барлық азаматтарының, соның ішінде кәсіпкерліктің әртүрлі салаларының өкілдерінің мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтінін айтты.

«Мемлекет ауқымында парадигманы өзгертетін уақыт жетті. Сіздердің әрқайсыларыңыз саяси кемелдік пен жауапкершілікті көрсетуге, Отанымыздың табысты болашағын құруға атсалысуға міндеттісіз. Барлықтарыңызды 5 маусымда референдумға қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті Нұрлан Қабыштаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер