«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палата әскери қызметкерлерді тамақтандыруды ұйымдастыруға қаржы бөлу мәселесін көтерді

2023 жылғы 19 Қаңтар
2596 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «SANZHELI» ЖШС жүгініп, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің тыңдау хаттамасымен келіспейтіні туралы өтінім білдірді. Себебі, министрлік азық-түлік құнының өсуіне байланысты қаражатын бөлу туралы қосымша келісім жасамаған.

Өтінім материалында ҚР премьер-министрінің тапсырмасы бойынша күш құрылымдарын үздіксіз тамақтандыруды сапалы ұйымдастыру, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыруда үзілістерге жол бермеу мақсатында 2022 жылға бөлінген бюджет шеңберінде азық-түлік рационының құнын ұлғайту жағына қарай қайта қарау туралы шешім қабылданғаны жазылған.

Осыған байланысты Серіктестік тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына азық-түлік құнының артуына қаражат бөлу туралы өтініш білдірген. Сатып алынатын қызметтердің құнын қайта қарау қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланы қосымша бюджет қаражатын бөлді, сондай-ақ Серіктестікпен тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтері бойынша қосымша келісімдер жасалды. Алайда, төтенше жағдайлар министрлігі бұл жұмысты қаржыландырудың болмауы салдарынан жүргізе алмай отыр. Бұл жағдайдың салдары көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігі қызметкерінің мәліметінше, 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау және түзету рәсімі кезінде Төтенше жағдайлар министрлігі азық-түлік құнын 2 250 теңгеге дейін ұлғайтуға арналған шығыстарды мәлімдемеген.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық бюджет комиссиясының 2022 жылғы 24 тамыздағы әскерилерді тамақтандыруға азық-түлік құнының өсу мәселесі жөніндегі шешімін кешенді бағалау үшін ішкі комиссия құрады. Талқылау қорытындысы бойынша министрлік азық-түлік құнын ұлғайтпау туралы шешім шығарады.

Осы мәселені шешу үшін ҰКП мамандары ТЖМ, ҚМ қызметкерлері және кәсіпкердің қатысуымен жиналыс өткізді. Жиын барысында Қаржы министрлігінің өкілі сот шешімі «SANZHELI» ЖШС пайдасына шығарылса, онда әскерилерді тамақтандыруға азық-түлік жаңа құнмен – 2 250 теңге көлемінде белгіленетінін айтты.

Жиын соңында мәселені Ведомствоаралық комиссия қарауына – премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың атына жіберу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер