«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Литва Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

2023 жылғы 08 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7602 просмотров

7 ақпанда Петропавлға Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис келді. СҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрметті қонақ жергілікті бизнес-қоғамдастықтың 30-дан астам өкілімен кездесті.

Елші атап өткендей, оның  өңірге сапарының мақсаты – Солтүстік Қазақстан мен Литва кәсіпкерлері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылау. Бұл жерде отандық және литвалық фермерлер білікті ауылшаруашылық және қайта өңдеу саласына басымдық берілеуі мүмкін.

«Литва мен Қазақстанның экономикалық және сауда ынтымақтастығы көптеген жыл бойы көршілеріміздің, яғни Латвия мен Эстонияның ынтымақтастығынан ондаған есе асып түсті. Мен үшін бұл жақсы көрсеткіш. Соңғы жылдары елдеріміз арасындағы сауда айналымы 1,5 млрд еуродан асты. Динамика оң, сондықтан мұндай база біздің алдымызда одан әрі ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Гинтаутас Васулис.

Литва, Солтүстік Қазақстан облысы секілді ауыл шаруашылығы және агро өнеркәсіп саласында мықты, сондықтан литвалық компаниялар осы салалалардағы тәжірибе алмасуға мүдделі. Мысал ретінде елші Литвадағы шаруа қожалықтардың замануи шаруашылығын айтты. Онда компаниялар бизнесін нөлден бастап, нарықта млрдтаған табысқа шыға алған. Литва тарапы осы бағыттарды енгізу және дамыту бойынша тәжірибені бөлісуге дайын. 

«Бізге Қазақстанмен шикізат ресурстарын, әсіресе металл мен құрылыс материалдарын баламалы жеткізуді құру салаларында жұмыс істеу қызықтырады. Демек бұрын бізге Ресей, Қытай арқылы келетін жеткізілімдердің баламасына қол жеткізгіміз келеді. Біз Қазақстанда ғана емес, жергілікті ресурстарды қайта өңдеуге, оларды Литваға жеткізуге, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ең төлем қабілетті елдеріне қайта сатуға көмектескен бірлескен қосылған құн тізбегін бізбен бірге дамыту әлеуеті өте зор деп санаймыз. Бүгінгі кездесу екі тарапқа да көп ой салды деп ойлаймын», – деп қорытындылады Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Гинтаутас Васюлис.

Спикердің айтуынша, Литва экономикасын дамытудың тәжірибе алмасу үшін ең табысты және тартымды салалары – лазерлік өнеркәсіп, IT-технологиялар, жаңартылатын энергетика және биотехнология. Литва бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша (World Bank) әлемде 11-орында, экономикалық еркіндік индексі бойынша 17-орын, цифрлық технологияларда халықтың дағдыларының болуы бойынша бірінші және Fintech халықаралық рейтингінде төртінші орында тұрғаны кездейсоқ емес.

«Бүгін Литва өкілдерімен қызықты кездесу өтті. ІТ-технологиялары секторы – Литва Республикасының экономикасы мен жалпы ішкі өніміне айтарлықтай үлес қосатын қуатты сегменттердің бірі. Литвалықтардың бұл бағыттағы тәжірибесін біз экономикамыздың дамуы үшін қандай да бір оң және маңызды сәттерді енгізу үшін зерделеп, талдауымыз керек деп санаймын», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Олег Иванов.

 Жергілікті кәсіпкерлер елдер арасында көлік тасымалдарын ұйымдастыру және қазақстандық тасымалдаушылардың рұқсат алуының түйткілді мәселелерін көтерді. Тараптар неғұрлым жақын іскерлік байланыстар орнату, сындарлы ынтымақтастық және литвалық және жергілікті кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу туралы уағдаласты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер