«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үлкен Алматы көлі туристерге ашыла ма?

2023 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
5864 просмотров

Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы тауда – Аюсай визит орталығының алаңында өтті. Кеңес отырысы барысында «Туранга Group» ЖШС басшысы Александр Гужавин Аюсай визит орталығын салынғаны туралы айтты. Қатысушыларға Үлкен Алматы көлі маңын дамыту жобасы таныстырылды (визит орталық, глампингтер, көл айналасындағы айналма жол, аспалы жаяу көпір салу).

Кездесуге қатысушылар туристер үшін Үлкен Алматы көлінің қолжетімділігін, сондай-ақ ұлттық парктерді абаттандыру мәселесін талқылады. Туристерді қабылдау маусымы ашылды, туристер ағыны басталды, ал Алматының басты көрікті жерлерінің бірі жабық тұр.

Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова туристік маусым басталғанын және туристік қоғамдастық үшін Үлкен Алматы көліне жол қашан ашылатынын білу маңызды екенін еске салды.

«Әрине, бәрі Үлкен Алматы көлі туралы білгісі келеді. Жол жабық, ол апатты жағдайда, біз әлі шешімін көрмей отырмыз. Жол салу әкімдікке қатысы жоқ, «Қазавтожолда» жол салуға қаражат жоқ. Бұл мәселенің шешімі қайда? Біз көл жағасы туристер баратын орын ретінде бола ма. Оған көлікпен емес жаяу баруды құптаймыз. Көлге барғысы келетіндер жаяу барғаны дұрыс», – дейді Рашида Шайкенова.

Спикер кейбір адамдарға көл әлі де қолжетімді екенін айтты.

«Бұл ретте  кейбір адамдарда көлге өте алатын «жеңілдіктер» қарастырылған деген әңгімелер бар. Бұл жеңілдікке ие болғандар кімдер? Неліктен адамдарды жаяу жүргізуге тырысатын туроператорлардың көз алдында көліктер өтіп жүр? Бұл сұраққа маған кім жауап береді? Жолдың апатты жағдайына қарамастан, бұл жеңілдіктерге кім жол беріп отыр? Әрине, сұрақтар туғызатын жаңдай», – деп сұрақ қойды спикер.

 Бұған «Алматы электр станциялары» АҚ КАСКАД ГЭС директоры Назар Сатқалиев көл маңы жұмысшы ұйымдарға ғана қолжетімді деп жауап берді. Қызметкерлерді өткізетін арнайы тізімдер бар.

Қазіргі кезде көлге апаратын апаттық жолдан бөлек басқа да мәселелер бар. 50-60 жылдары Үлкен Алматы көлінде су электр станциясы салынды. Сол сәттен бастап көл Алматы қаласын ішінара ауыз сумен қамтамасыз етеді және стратегиялық объект саналады. Кез келген тұщы ауыз су көзі сияқты, туристер үшін көл жағасына кіру жабық болуы керек.

«Біздің станция 43.7 Мвт электр қуатын өндіреді, біз Алматының барлық сыртқы бөлігін электр энергиясымен және 30% ауыз сумен қамтамасыз етеміз. Платинаның өзі соңғы рет 1956 жылы жөнделді. Әрине, платина жыл сайын бетондалады. Объектіде үстімен жүруге қатаң тыйым салынған құбырлар бар. Неліктен сіздер бұл туралы әлеуметтік желілерде немесе басқа арналарда айтпайсыздар? Бұл құбырлармен жүруге қатаң тыйым салынады, бұл қауіпті, біріншіден, гидро соққы алуға болады, адам құлап кетуі мүмкін», – деді «Алматы электр станциялары» АҚ КАСКАД ГЭС директоры Назар Сатқалиев.

Қатысушылар егер бұл жолмен жүруге рұқсат болмаса,  әлемде «жүруге болмайды!» деп жазып қоятын беліглерге қатысты тәжірибе барын атап өтті.

«Бізде вандализм өте жақсы дамыған, барлық жерде «Назар аудар!» белгілерін қоямыз. Бірақ үшінші күні олар жоғалады, тапталып, жыртылады. 2022 жылдың тамызынан бастап ҮАК стратегиялық санатталған нысан болып белгіленді. Біріншіден, бізде платина бар, тыйым салынғанына қарамастан қазір платинаға еркін кіруге болады. Бірақ біз қазір бөгетке өткізбейміз. Бөгет қандай да бір адамдардың әрекетінн бұзылса, қаламызбен не болатынын елестететіп көріңізші», – деп ескертті Назар Сатқалиев.

Kaz Alpine Club басқарма төрағасы Тимур Дүйсенғалиев бүкіл әлемде режимдік нысандардың көптігін және  кез келген мәселеде шығу жолдары барын атап өтті. Ол сондай-ақ Үлкен Алматы көлінің ашылуын тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де күтіп отырғанын айтты.

«Біз жол мәселесінің шешілгенін қалаймыз. Өйткені біз бүкіл әлемге осы танымал турларды жариялайтын боламыз. Барлығы күтіп отыр. Шетелде күтіп отыр, бұрынғы Кеңес Одағы күтіп отыр, қазақстандықтар күтіп жүр, бізге үнемі қоңырау шалып, осы жолдың қашан ашылатынын сұрайды. Тек Көлсайда мәселе жоқ, бұл негізінен қалыпты жағдай. Бірақ қазіргі көлге жол бұл шынымен мәселе. Сонымен, бүкіл әлемде көптеген режимдік нысандар бар, бірақ олар шешімдерін қалай да тауып жатыр ғой», – деді Тимур Дүйсенғалиев.

Қауіпсіздік мәдениетінің дамуы туралы Мұхтар Тайжан айтты.

«Мен кеше статистиканы қарадым. Шарын шатқалы бір жыл ішінде 58 мың, сәуір айында 10 мың, мамыр айында 15 мың адам қабылдағаны белгілі болды. Яғни, халқымыз өзінің ішкі нарығын, жерін, табиғатын қадірлей бастады. Аюсайдың қалай өзгергенін қараңыздар? Сондықтан инфрақұрылым міндетті түрде болуы керек, мен байларға арналған қалашықтар, коттедждерге қарсымын. Үлкен Алматы көлімен де шешуге болады. Тәртіп бұзу менталитетке байланысты емес. Біз ұшаққа немесе кемеге отырған кезде рюкзак, сөмкелеріміз тексеріледі, бірақ неге бұны осы жерде ұйымдастыруға болмайды? Әуе лайнерлерінде қауіпсіздікті ұйымдастыруға болатын кезде, оны мұнда жасай алмаймыз ба? Жасауға болады ғой? Мұның бәрі оңай, тек ақылмен жасау керек. Мен күніне осындай сұрақтар, жиындар көп болуы керек деп санаймын, қарсыластар да болу керек, оларды да естіп, ескеру керек, бірақ бәрібір алға жылжу қажет», – деді спикер.

Отырыс барысында Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері парктердікүтіп ұстау, қоқыс, табиғатта болу мәдениеті мәселелерін атап өтті. Олар қонақтар от жағу кезінде қауіпсіздікті жиі сақтамайтынын айтты, сонымен қатар табиғи ресурстарды қорғауға шақырды. Олар сондай-ақ ұлттық парк инспекторларының жалақысы мәселесін көтерді.

«Алғаш рет ұлттық парк қызметкерлерінің жалақысы осы жылдың 1 шілдесінен бастап 100 пайызға көтеріледі деп күтілуде. Себебі олардың жалақысы 60-70 мың теңге. Бізде техникалық қызметкерлер көбірек алады. Олар басқа жерде жұмыс істей алмайды, тек осында келіп, қоғамдық негізде дәріс оқуға құқылы. Біздің міндетіміз – олардың еңбегін қалай құрметтеу  және оларға қалай көмектесе алатынымызды айту. Саябақ қызметкерлері бүгінде 500-ге жуық адамды құрайды», – деді Александр Гужавин

Спикер қоғамдық көліктің ішінде ұлттық саябақтар туралы ақпаратты, 10 тармақтан тұратын табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін іліп қоюды ұсынды.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының туризм басқармасымен бірлесіп, шетелдік туристерге қатысты такси жүргізушілерінің алаяқтық мәселесін пысықтап жатыр. Арнайы ақпараттық баннерлер ілінеді. Енді Алматыға келген турист әуежайдан бастап тек көрікті жерлер туралы ғана емес, оңтүстік астананың ықтимал қауіптері туралы да хабардар болады», - деді Алматы ӨКП басқарушы директоры Нариман Ибрагимов. 

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова бизнес пен қоғам қайраткерлерінің пікірін тыңдап, бизнестің барлық ұсыныстары мен ескертулері бақылауға алынғанына сендірді. Алдағы уақытта Үлкен Алматы көліне кіру мәселесі бірлесіп шешілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер