«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сөреде отандық тауарға басымдық берілуі керек – Ұлттық палата

2023 жылғы 25 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
6548 просмотров

Бұл туралы бүгін Солтүстік Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов мәлімдеді.

 Ұлттық палатаның төралқа төрағасы Райымбек Баталов өңірлерге сапарын жалғастырып жатыр. Бүгін палата басшысы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнестің проблемасын тыңдады.  Жұмыс сапардың басты міндеті –  ҰКП қызметін трансформациялау барысы туралы айту, өңір кәсіпкерлерінің проблемалары және оларды шешу жолдарын талқылау. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» ҰКП-ның жаңа тәсілдерін таныстыру.

 Жүздесуде шекара маңындағы сауданы дамыту,  ШОБ, ауыл шаруашылығын өндірушілер, қайта өңдеушілерді қолдау мәселелері талқыланды.  

Сарапшылардың пікірінше, шекара маңындағы сауда, атап айтқанда импорт, өнімдер отандық өндірушілерге түрлі әсер етеді. Бір жағынан, сауда нүктелерінде өнім көлемі артып, ассортимент ұлғайып келеді. Көптеген ресейлік тауар бағасы жағынан төмен, бұл қазақстандық өнімнің құнына да әсер етеді. Сонымен қатар, сөредегі орын үшін бәсеке артып, жергілікті өндірушілер мен жеткізушілеге нарықта орын сақтау қиын. Соның салдарынан ішкі өндіріс көлемі қысқаруы мүмкін.

 «СҚО шекара маңындағы өңір болғандықтан, импорт өнімдердің отандық өндірушілерді ығыстырмауына баса назар аударуымыз керек. Біз отандық тауар өндірушілерге және жеткізушілерге жалпы сауда алаңының кемінде 70% көлемінде сауда желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді ұсынамыз», – деді Райымбек Баталов.

Спикердің айтуынша, қазақстандық тауарлар үшін сауда желілеріне кіруге квота болуы тиіс.

 Ұлттық палата өзінің трансформациясы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының отандық өндірушілерін қолдауға басымдық береді.

 Палата басшысы өңірдің өңдеу өнеркәсібіне де айрықша тоқталды. СҚО өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 82% құрады. Осы жылдың қаңтарындағы статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 9,8%-ға ұлғайып, 401,6 млрд теңгеге жетті. Ең үлкен үлес тамақ өнімдерін өндіруге 55,5%, машина жасауға – 27,8%, сусын өндірісіне – 3,4% және өзге де металл емес минералды өнімдер 2,9% болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер