«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер су басында жүрген еркітілер мен сарбазстарға тамақ жеткізді

2024 жылғы 09 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
6347 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесіне мүше бизнес субъектілерімен бірлесіп Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатқан еріктілер үшін ыстық тамақ ұйымдастырды.

«Бұл бастама аясында 40 келі палау, 40 литр шай әзірленді. Түскі асқа ыстық тамақты «Restoration» ЖШС басшысы, Өңірлік кеңес және Әскер әйелдер кеңесінің мүшесі Айтықан Қалғаева көмек көрсетті. Сондай-ақ, күннің бірінші жартысында Іскер әйелдер «Аманат» партиясының Әйелдер қанатымен бірлесіп, еріктілер үшін «Vizavi Company» ЖШС ет және пирогтар бар ыстық шай ұйымдастырды, оның басшысы өңірлік кеңестің мүшесі Лейла Сайдашева», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

 Күннің бірінші жарытысында 150 еркітіге тамақ жасалды, түстен кейін  палау Петропавлға Астанадан келген 300 сарбазға жетті.

 «Біз Астана қаласының 68165, 36 арнайы мақсаттағы бригадасының әскери бөлімінен келдік.  Кеше түнде Петропавлға 300 адам келді – барлығы осы бөгеттің бойында жұмыс істеп жатыр. Дәмді палау үшін рахмет, ауыр физикалық еңбектен кейін демалып, ыстық амақ жеу керек. Бізге осындай қамқорлық жасағаныңыз үшін рахмет», - деді Азамат.

СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры  Есжан Оразалин азаматтық жауапкершілік үшін акцияға қатысқан, су тасқынына қарсы тұруға атсалысқан, қазір күні-түні еңбектеніп жатқан  әр кәсіпкерге алғысын білдірді.

«Ынтымақтастық пен өзара көмектің мұндай көріністері сын-қатер сәттерде бизнес-қоғамдастық бірлігінің маңыздылығын көрсетеді. Барлық кәсіпкерді су тасқынына қарсы іс-қимыл және қала мен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерге қосылуға шақырамын. Кәсіпкерлер еріктілер мен құтқарушылар ыстық тамақты ұйымдастыра алады, өңірде су тасқынынан зардап шеккен солтүстік қазақстандықтарға ұйымдастырылған көмек қорына қолдан келгенше материалдық көмек аудару немесе Петропавлда жұмыс істеп тұрған гуманитарлық көмек пунктіне қажетті өнімдер мен тауарларды әкеле алады», - деп қорытындылады Есжан Оразалин.

  Айта кетейік, СҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі еріктілерді одан әрі тамақтандырумен қамтуды жоспарлап отыр. Іскер әйелдер осы аптаның соңына дейін арнайы кесте құрып, тамақ таситын болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер