«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМК нарық субъектісін құру туралы ақпарат

2024 жылғы 15 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
6486 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 14948 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі сәйкес келесіні хабарлайды:

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны  Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл  ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру арқылы  құруды (мемлекеттік кәсіпкерлік).

Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік–шаруашылық қызмет, оның ішінде, Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырылады, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі (ЭҚЖЖ-86.10.1), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген медициналық қызмет, көрсетілетін қызметтің түрлері мен шарттары бойынша медициналық көмек көрсету:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек,  білікті медициналық көмек;

2) мамандандырылған медициналық көмек:

- амбулаториялық-емханалық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек;

- стационарды көмек, оның ішінде жұқпалы аурулары бар науқастарға;

- стационарды алмастыратын көмек;

3) жедел медициналық көмек;

4) медициналық оңалту III кезең амбулаториялық деңгейде;

5) Функционалдық диагностика;

6) Зертханалық диагностика; (клиникалық, биохимиялық, серлогиялық, бактерологиялық).

7) Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет: салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, салауатты өмір салты мен тамақтануды насихаттау;

8) Денсаулық сақтау саласындағы сараптама:

- еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

- профилактикалық тексерулердің барлық түрлері.

9) фармацевтикалық қызметтер: медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік қамтамасыз ету, ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету (тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік берілген);

10) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек 86.23.0 ЭҚЖЖ коды бойынша.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл  ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Маркакөл ауылы, Тохтаролв көшесі 13, мекенжайы бойынша жүзеге асырады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы заңнама шеңберінде бизнес субъектілері көрсетілген жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, 2024 жылдың 26 сәуірі сағат 18.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының   Кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1 үй, № 9 кабинет, телефон номері: 8 (7232) 74-21-02.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер