«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтаудағы кәсіпорында жылына 100 тоннаға жуық балық өңделеді

2024 жылғы 24 Сәуір
- Маңғыстау облысы
833 просмотров

Ақтауда «Морепродукты-Актау» серіктестігінде жылына 100 тоннаға жуық балық өңделеді.

Кәсіпорынның жұмысымен Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев, Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев және қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері танысты. «Морепродукты-Актау» компаниясы Ақтау қаласындағы балық өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі. Компания балық өнімдерін сатумен және өңдеумен 2003 жылдан бастап айналысады. Кәсіпорында 33 қызметкер жұмыс істейді. Ауланған балықтар цехта жуылып, өлшемі бойынша сұрыпталады.

Балықтарды мұздатып өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Өңдеуге жергілікті және сырттан әкелінген балықтар қолданылады. Атап айтқанда, кәсіпорында сазан, батпақай(кефаль), қарақаптал(залом), ақсыла(жерех), дөңмаңдай(толстолобик), жайын(сом), ханбалық(форель), майшабақ(селедка), скумбрия, қаракөз(вобла), табан(лещ), эсколар(балық майы) сынды балықтар өңделеді. Өнім бастапқы процестерден өткеннен кейін, арнайы автомобильдермен қаладағы дүкендерге жіберіледі.

Тұтынушылар балықты қаланың үш сауда нүктесінен сатып ала алады:

-7 шағын аудан 40-ғимарат;
-17 шағын аудан 6-үй, «Green Plaza» ТҮК;
-31 шағын аудан Хазар базары.

«Морепродукты-Актау» ЖШС коммерциялық директоры Айбек Исембаевтың айтуынша, кәсіпорында жылына 100 тоннаға жуық балықты өңделеді. 
Атап айтқанда:
-Филе, стейк - 50 тоннаға дейін.
-Тартылған балық - 15 тоннаға дейін.
-Ысталған балық - 15 тоннаға дейін.
-Кептірілген балық - 10 тонға дейін.
-Тұздалған балық(майшабақ балығы) - 20-дан 30 тоннаға дейін.

-Балықтар сыйымдылығы 200-ден 400 тоннаға дейінгі он мұздатқышта сақталады. Кәсіпорында балықты ыстайтын аппараттар, пештер және тазалауға және кесуге арналған құрал-жабдықтар бар. Дайын өнімді ұқыпты және герметикалық түрде сақтауға арналған ваакуматорлар да бар, - деді «Морепродукты-Актау» ЖШС коммерциялық директоры Айбек Исембаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер