«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық компанияларға 2023 жылғы ТМД премиялары берілді

2024 жылғы 26 Сәуір
864 просмотров

Дереккөз: https://e-cis.info/

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 101-ші отырысында (Мәскеу қ., РФ)  2023 жылғы өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы премиясының жеңімпаздары аталды.

Қазақстан Республикасынан Лауреат атағын алғандар:

- «Maker (мейкер)» ЖШС;

- «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС.

Дипломант атағын алғандар:

- «Dolce» ЖШС;

- «Столичная Стеклопакетная Компания» ЖШС.
Жалпы, конкурстан Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстан Республикасынан 22 ұйым финалистері атанды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер