«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жемісті дипломатиялық қатынастарды бизнес-ынтымақтастық нығайтады

2024 жылғы 10 Маусым
- Алматы қаласы
2619 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Тарихи тұрғыдан Алматы Ұлы Жібек жолындағы сауда-қолөнер және ауылшаруашылығы орталықтарының бірі ретінде қалыптасты. Бүгінде қаланың бизнесі бүкіл Қазақстанның ЖІӨ-нің 1/5 бөлігін құрайды. Білім, кәсіпкерлік, инвестиция салаларын Қазақстан мен Малайзия бірлесіп дамытуға ниетті. «Атамекен» ӨКП басшысының қатысуымен өткен Алматыдағы кәсіпкерлер форумы келіссөздер мен ынтымақтастықты  одан әрі дамытудың ыңғайлы алаңына айналды. 

«Атамекен» палатасы 2013 жылы кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында құрылды. Біз түрлі бағыттар бойынша халықаралық ынтымақтастықты қолдаймыз. «Атамекеннің» республикамыздың барлық өңірлерінде өкілдіктері бар, бұл басқа елдердің кәсіпкерлеріне қызығушылық танытқан өңірге тікелей шығуға мүмкіндік береді. Алматының іскер топтары әртүрлі елдердің кәсіпкерлерін тарта отырып, жылдам дамып келеді, бизнестің ең үлкен үлесі сауда, технологиялық, банк жүйелеріне тиесілі болып отыр.  Сонымен қатар, Алматы - туризм саласындағы басқа қалалардың арасында бенефициар болып табылады. Бизнестің сан түрін дамытуга толық техникалық базасы мен инфрақұрылымы бар кең индустриялық аймақ та себепкер. Халық саны да жылдан жылға көбейе түсуде. Қала мен агломерациядағы халық саны 6 миллионға жуықтап қалды. Біз инвестицияларға ашықпыз, кеңестік көмек көрсете отырып, қазақстандық бизнестің түрлі компанияларымен жүздесуге және нақты келіссөздерге жетуге жәрдемдесуге  дайынбыз», - деп атап өтті презентация барысында Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры – Нұрсұлтан Шоқанов.

Форум екі кезеңмен  өтті: түске дейін екі жақтың таныстыру материалдары ұсынылып, түстен кейін В2В кездесулері өтті. Малайзия кәсіпкерлері құрылыс, химия өнеркәсібі, дайын өнімдерді жеткізу, ІТ және Алатау қаласының өсуінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын.

«Бүгін Қазақстан мен Малайзия кәсіпкерлерінің форумына қатыстым. Жалпы, бұл өзара әрекеттесу үшін өте тиімді алаң болды. Малайзиядан келген компаниялар қазақстандық бизнеспен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр. Бүгін бізде В2В форматында кездесулер бар, онда малайзиялық өндірушілер қазақстандық дистрибьютерлермен, сауда желілерімен іскерлік байланыстар орнатпақ. Бұл Малайзия Премьер-Министрінің Қазақстанға сапарының жалғасы ретінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асырудың жалғасуы ретіндегі шаралардың бірі» , - деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер