«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҚР ҰКП Съезі 7 қарашада өтеді

2024 жылғы 19 Қыркүйек
6891 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) осымен ҚР ҰКП Төралқасы ҚР ҰКП Съезін шақыру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.

ҚР ҰКП Съезі 2024 жылғы 7 қарашада сағат 16:00-да өтеді.

Съезді өткізу формасы: бетпе-бет (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).

Өтетін орны:  Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 52 (Тәуелсіздік сарайы).

Тіркелу: 15.00-ден 16.00-ға дейін.

 

Күн тәртібі:

1.     «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының жекелеген мүшелерін атқаратын лауазымынан босату және лауазымға сайлау туралы.

2.     «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тексеру комиссиясының 2023 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.

3.     Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.

4.   Басқа мәселелер:

4.1. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша Съезге қатысушылардың атына жіберілетін болады.

Съезді шақыру туралы хабарландыру ҚР ҰКП Интернет-ресурсында 2024 жылғы 19 қыркүйекте орналастырылған.

ҚР ҰКП Съезінің күні, уақыты, форматы және өткізілетін орны, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібі өзгерген жағдайда, тиісті ақпарат ҚР ҰКП Интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-90, 1432


Еншілес ұйымдар

Серіктестер