«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтуде

2024 жылғы 31 Қазан
1106 просмотров

Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтіп жатыр. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер қатысып жатыр. 

Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды форумға арнайы келген шетелдік инвесторларға алғысын айтты. 

Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысқалы жатқанын Дархан Амангелдіұлы мәлімдеді.

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков Инвестицияларды тарту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

“Атамекен” ҰКП және мемлекеттік органдар елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қызмет жасауы үшін барлық қолайлы жағдайлар мен жедел шешімдер қабылдау үшін арнайы алаңдар жасалғанын атап өтті.

Бұдан басқа, ҚР ҰКП инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеуді көздейтін Цифрлық инвестициялық карта туралы баяндады. Платформаның басты ерекшелігі - инвестицияларды тарту жүйесінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай қолжетімділік нүктесін қамтамасыз етеді. Яғни, жүйеге негізгі мемлекеттік органдар, әкімдіктер және инвестициялық жобаларды іске асыру процесіне тартылған квазимемлекеттік сектор қосылатынын хабарлады. 

Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа – «Атамекен» ҰКП мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті арасында қол қойылған меморандум шеңберінде іске асырылуда. 

Бүгінгі таңда, инвестициялық жобалар пул тізіліміне 800-ге жуық енгізілген. «Атамекен» ҰКП ағымдағы күні 47 жобаны верефицирледі.
Инвестициялық картаға Түркістан облысы бойынша жалпы құны 2,2 триллион болатын 100 инвестициялық жоба енгізілгенін Тимур Арсенұлы айтып өтті.

Қазақстан Республикасына шетелдік туристер ағыны бойынша негізгі елдердің бірі Қытай Халық Республикасы болып табылады.
ҚХР-дағы қазақстандық туризм жылы аясында «Атамекен» ҚР ҰКП екі ел кәсіпкерлерінің ынтымақтастығын ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Осы бағытта Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Зимұнай, Шугучак және Боро-Тала уездерінде ресми кездесулер ұйымдастырылды, Үрімші қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдігі ашылды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Атамекен» ҚР ҰКП туристік бизнес өкілдерімен бірлесіп 2024 жылғы Шыңжаң туризм және сауда жәрмеңкесіне қатысты, Қазақстанның туроператорлары үшін көрме павильоны аумағында стенд ұйымдастырылып, ҚХР ШҰАА Туризм қауымдастығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ағымдағы жылдың 10-18 мамыр аралығында «Жібек Жолы» таныстыру автошеруі ұйымдастырылды. Қытай тарапынан әр машинаға 2 адамнан түрлі санаттағы 65 машина, барлығы 130 адам қатысты.
Жоғарыда аталған және өзге де ауыл шаруашылық, туризм, цифровизация бағыттарындағы инвестициялық жобаларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әр дайым қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді Тимур Арсенұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер