«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда TRADEX екінші халықаралық сауда форумы өтті

2024 жылғы 20 Қараша
- Алматы қаласы
685 просмотров

Дереккөз: Tradex.kz

Форум халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық саласындағы перспективалар мен жаңа трендтерді талқылауға ниет білдірген сауда және логистика саласындағы жетекші бизнес өкілдері мен сарапшыларды, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, мемлекеттік органдардың өкілдерінің басын қосты. Іс-шара консалтингтік және сауда компанияларының Қауымдастығы, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Consulting Group DASCO ұйымдастыруымен өтті.

TRADEX  2024 форумы Қазақстанның Орталық Азияның негізгі сауда хабы және Еуропа мен Азия арасындағы көпірі ретіндегі ұстанымын нығайтудың жарқын мысалы болды. Алматы қаласы еліміздің ірі қаржы-экономикалық, көліктік жіне сауда орталығы ретінде іскерлік байланыстар орнатуға және халықаралық сауданың өзекті мәселелерін талқылауға көмектесетін осы сынды  форумдарды өткізуде ең ыңғайлы алаң болып танылуда.  Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Дармен Сәдуақасов сауданы ел экономикасының ең ірі секторы деп атады.

                                             

«Қазақстанда сауда саласында 818 мың субъект жұмылдырылды. Бұл бүкіл отандық бизнестің шамамен 35% құрайды. Тиісінше, сауда саласы ең көп жұмыс орындарын қамтиды. 2024 жылдың III тоқсанында шығарылған сараптамаға сәйкес - 1,5 жарым миллионнан астам адам осы салада табыс табуда. Бұл көрсеткіш еңбек нарығының 16,7%», - деп атап өтті спикер.

Соңғы жылдары ерекше серпінге сыртқы сауда ие болды. ҚХР Бас консулы Цзян Вэй атап өткендей, өткен жылы Қытай мен Орталық Азияның бес елінің арасындағы тауар айналымы 90 млрд.АҚШ долларын құрады, бұл ретте соманың жартысы Қазақстанға тиесілі.

                                     

«Соңғы жылдары Қытайдың трансшекаралық электрондық коммерциясы қарқынды дамып келеді. Қазақстандық сауда компаниялары өз өнімдерін бүкіл әлем бойынша сату үшін қытайлық электрондық коммерция платформаларын тиімді пайдаланады деп үміттенеміз», - деді Цзян Вэй өз сөзінде.

                                                

Форум аясындағы панельдік сессиялар мен «дөңгелек үстелдер» барысында Литваның Бас консулы Гвидас Керушаускас, Bankcentercredit ШОБ вице-президенті – Дмитрий Жилин, SMITA Global Президенті Меган Су, CILT Cеntral Asia Президенті, FCILT – Нұрлан Игембаев, көлік дәліздерін дамыту жөніндегі кеңесші Айжан Бейсеева, Kazakh Еxport өңірлік өкілі Алмас Қалқаев, электрондық сауда бойынша USAID сарапшысы Алуа Көрпебаева сынды және басқа да көптеген мықты сарапшылар халықаралық сауда саласының сын-қатерлері мен перспективалары, сауда мен логистикадағы инновациялар, нарық жағдайларына бейімделу, электрондық платформаларда жұмыс істеу туралы әңгіме өрбітті. Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының сауда және логистика жөніндегі кеңесінің жұмысы аясында көптеген түрлі іс-шаралар өткізілуде. Алайда, TRADEX халықаралық сауда форумы ең үлкен және ең ауқымды болып саналады.

                                                

«Атамекен» палатасы екінші жыл қатарынан Central Asian Trade Expo форумының ұйымдастырушылары қатарында. Бұл біздің халықаралық аренада Алматы мен Қазақстан кәсіпкерлерінің мүдделерін қолдауға және ілгерілетуге қосқан үлесіміз. Біз кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығуға, серіктестер табуға және келісімшарттарға қол қоюға көмектесу үшін бизнес-қоғамдастықпен белсенді жұмыс істейміз. TRADEX форумында біз өңірдегі бизнесті дамытуға және бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсындық», - деп атап өтті Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директорының шағын кәсіпкерлікті және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орынбасары Ақеркін Эралиева.

        

Форумның бағдарламасында сауда келіссөздері мен панельдердің ашылуы өтті. Онда қатысушылар ынтымақтастық мүмкіндіктерін жеке талқылап, өз ұсыныстарымен бөлісе алды. Арнайы көрмеде өз өнімдерін таныстырған тауар өндірушілерде де жаңа байланыстар орнату мүмкіндігі пайда болды. Сондай-ақ, тақырыптық мастер-класстар, нетворкинг, сертификаттар тапсыру және сыйлық сертификаттарының ұтыс ойыны қатысушылар арасында жақсы әсер қалдырып, жалпы достық атмосферасын орнатуға жақсы себеп болды.

       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер