«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП жанындағы қаржы институттарының салалық Кеңесі проблемалық мәселелер тізілімін құрастырады

2024 жылғы 26 Қараша
- Алматы қаласы
355 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП алаңында қаржы институттарының салалық Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше негізгі мәселелер. Соның ішінде алдағы өңірлік кеңеске мүшелер сайлау туралы түсіндіру бар.

Қаржы институттары кеңесінің мүшелері әр мәселені жан-жақты қарауға үлкен зейін қояды. Себебі, кейбіреулері қиындық тудырмай, Кеңес тарапынан-ақ шешімін тауып жатады. Ал, кейбіреулері егжей-тегжейлі зерттеуді, ұзақ уақытты немесе республика деңгейінде шешуді талап етеді. Ол үшін кеңес проблемалық мәселелер тізілімін құруға шешім қабылдады. Осылайша олар тұрақты бақылауда болады, ал қажет болған жағдайда кеңесші органның отырыстарына мемлекеттік құрылымдардың өкілдері шақырылып бірлескен шешімдер қабылданады.

       

Ұсынылған екі кандидатураның ішінен Максим Барышев бірауыздан қаржы институттары кеңесінің төрағасы болып сайланды. «Учет» компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы «Атамекен» Ұлттық палатасының ХІІ съезінің делегаты болды, онда кәсіпкерлер үшін салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.

       

«Қаржы секторынан кәсіпкерлерге қандай да бір нормативтік-құқықтық актілерді немесе көмек көрсету шарттарын жақсарту үшін ұсыныстар енгізе аламыз деп ойлаймын. Көптеген мәселелерді Ұлттық банк және «Даму» кәсіпкерлік қоры төрағаларымен кездесулер шеше алады. Біз бұл кездесулерге қол жеткіземіз», - деді Максим Барышев.

Кеңес отырысы барысында Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жанна Мырзақұлова желтоқсан айының соңына дейін келесі жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өңірлік кеңес құрамына алдағы сайлау бойынша түсініктеме берді.

        Алматы қаласының өңірлік кеңесі бизнеске коронавирус пандемиясы кезінде жұмысты жалғастырудың оңтайлы жолдарын табуға, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар кезінде зардап шеккендерге өтемақы алуға көмектесті, сондай-ақ салық жүйесін реттеуге, кәсіпкерлердің қаржылық және қаржылық емес қолдау алуына жүйелі түрде қатысады.

        

Отырыс жағымды аккордпен аяқталды. Палата жұмысына белсенді атсалысқаны үшін қаржы институттары Кеңесінің мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер