«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астанада қаржы секторының көшбасшыларын жинады

2025 жылғы 24 Қаңтар
883 просмотров

Астанада Қазақстанның қаржы секторы көшбасшылары жиналды. Жиынға жетекші сарапшылар мен ірі қаржы ұйымдары, мемлекеттік мекемелер мен даму институттарының басшылары, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, ҚР Ұлттық банкі, Kaspi, Halyk, Freedom және басқа да екінші деңгейдегі банк өкілдері қатысты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен кездесу экономикалық сала мамандарының айрықша қолдауына ие болды. Бизнесті қаржыландыру үшін басымдықтарды таңдау тәсілдерін, ШОБ-ты қаржыландырудың жаңа әдістерін және Салық кодексі жобасының Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке ықпалына баса назар аудара отырып, оның негізгі аспектілерін талқылауға ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында «Атамекен» ҰКП І дәрежелі медалімен Halyk bank Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова марапатталды.

2022 жылдан бастап, Ұлттық палатаның жаңартылған моделін таныстыра отырып, Палата төрағасы Райымбек Баталов негізгі өзгерістерге тоқталды.  

«Біз ШОБ-ты қолдауға, қорғауға әрі дамытуға ерекше назар аудардық. Маңызды қадамдардың қатарында – ҰКП-ның бюджеттік бағдарламаларға қатысуын 72%-дан 10%-ға дейін қысқарту, штатты оңтайландыру және басқару стиліндегі өзгерістерді атап өтуге болады. Үкімет Ұлттық палатамен бірлесіп, ШОБ-ты қаржыландыру бөлігінде әзірлеп жатқан бүгінгі талқыланған жаңа тәсілдер бизнес үшін аса маңызды», - деп атап өтті Төралқа Төрағасы.

ҰКП әзірлеген экожүйе де қатысушылар тарапынан қызығушылыққа ие болды. Райымбек Баталов цифрлық жобалардың көмегімен отандық бизнесті дамытудың бірегей тәсілін ұсынды. Бұл Еgovbusiness порталы және кәсіпкерлік субъектілерінің Тізілімі сияқты құралдарды қамтитын бизнес үшін бірыңғай экожүйе. Бұл инновациялар әкімдер мен министрлер үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) бар Үкіметтің Дэшборд тақтасын қалыптастырады. Бұл дегеніміз нақты уақыт режимінде басым мақсаттарға қол жеткізуді мониторингілеуге мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушы Halyk bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев атап өткендей, еліміздегі ірі банк жетекшілерінің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер сирек болып, пікірталасқа ерекше реңк береді.

«Біз бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды ретке келтіруге бағытталған кез келген бастамаларды қолдаймыз. Экономиканың ең ірі несие берушісі ретінде біз үшін дұрыс емес деректердің болмауы өте маңызды. Ең бастысы, «Атамекен» жобаларында инвестициялық жобалар жедел іске асырылуы үшін сындарлы әрі сенімді ақпарат болуы керек», - деп атап өтті ол.

Кездесуде тұрақты қаржыландыру мәселелері де көтерілді. Тұрақты даму және ESG Кеңесінің төрағасы Юлия Якупбаева Қазақстандағы осы бағыттың дамуына әсер ететін негізгі кедергілер мен ынталандыруларды атап өтті. Ол өз сөзінде тұрақты қаржыландыруды жандандырудың 10 қадамын ұсынды, оның ішінде ESG (жасыл, әлеуметтік, тұрақты) қағидаттары бойынша қаржыландыруды бөлу, тұрақты жобалар үшін субсидиялар мөлшерлемесін 1%-ға арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау кезінде банктерге тұрақты даму туралы есептер дайындайтын қарыз алушылардың санын көрсету ұсынысы айтылды. Талқыланған инновациялар, цифрландыру және ESG қағидаттарын енгізуді іске асыру ел экономикасын трансформациялау үшін қолайлы орта жасайды деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер