«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Көлік саласының жасырын әлеуеті": отандық кәсіпкерлер Кеңесіндегі бизнес-қауымдастық ұсынысы

2025 жылғы 20 Ақпан
1678 просмотров

Бүгін Астанада Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде қазақстандық бизнес өкілдері елдің көлік және логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылады. Жиынға салалық министрліктер, мемлекеттік ұйымдардың және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысты.

Өз сөзінде ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов көлік-логистика саласында жасырын орасан зор әлеуетті атап өтті. Теміржол, автомобиль және әуе көлігімен тасымалдауға сұраныс өсуде. Бұл ретте, 2022 жылы отандық кәсіпкерлердің бірінші кеңесінде белгіленген негізгі проблемалардың жартысы әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.

"Көтерген он сұрақтың бір бөлігі стратегиялық сипаттағы сұрақтар. Бұл теміржол инфрақұрылымына жеке инвестицияларды тарту, отандық автокөлік компанияларының мүдделерін қорғау және әуежайларды қолдау шаралары. Бұдан бөлек, проблемалық мәселелерді шешу үшін біздің ұсыныстарымыздың бірі – Үкіметтің Дэшборд платформасын пайдалана отырып,  басқарушылық және цифрлық мониторинг енгізу", - деді Баталов.

Көлік саласындағы ахуал мен проблемалар туралы сындарлы диалог барысында бизнес өкілдері жеке инвестицияларды тартуға және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді атап өтті. Сондай-ақ, еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін реттеуші нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар да айтылды.

"Конкурент-Б" ЖШС Бас директоры Бақытбек Қадыров Көлік министрлігіне,  "ҚТЖ" ҰК" АҚ атынан инфрақұрылымды дамытуға және экспортқа жоғары сапалы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге назар аударуы керек екенін атап өтті. Егер бұл бастама ұлттық компания арқылы инфрақұрылымдық жобаларды дамытуды қамтымаса, онда жеке бизнес теміржол саласына тиісті жеке инвестициялар қамтамасыз етілген жағдайда өңірлерді дамытуға белсенді инвестиция салуға дайын. Атап айтқанда, инфрақұрылымы жоқ, бірақ экономикалық өсу үшін әлеуеті бар өңірлерде жаңа жолдар салу бойынша іске асырылады. Бұл инфрақұрылымдағы кедергілерді жоюға, ел ішіндегі аумақтық байланыстың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Жеке бизнес қолданыстағы т/ж инфрақұрылымына, станцияларды дамытуға және кеңейтуге, қосымша кірме жолдар мен аралықтар салуға, инвестициялық тарифті ескерусіз инвестициялауға дайын. Осыған байланысты ел аумағында жеке инвестициялар мен теміржол инфрақұрылымын дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны кеңейту қажет", - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, бұл бастаманы премьер-министр қолдап, бірден Көлік министрлігіне ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін инвестицияларды қайтару тетігі бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағының президенті Мақсат Сақтағанов көліктегі бақылау мәселесін көтерді. Ұсыныс ретінде автомобиль көлігінде көліктік бақылауды жетілдіру идеясы айтылды. Сондай-ақ, оның пікірінше, рұқсат беру құжаттарының түпнұсқалығын тексеру рәсімі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров рұқсат беру құжаттарының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолдан жасауға жол бермеу үшін QR-кодтарды енгізу жоспары туралы баяндады.

«Victory trans» ЖШС директоры Қуанышбек Садырбаев отандық тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Қазақстанда халықаралық тасымалдарда автомобиль көлігіне рұқсат беру жүйесін қолдану ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді. Шенген визаларын алу және Беларусь Республикасындағы кедендік-логистикалық орталыққа (КЛО) қолжетімділік бойынша кедергілер де айтылды.
Еліміздің 60 ірі және 40 шағын автобус тасымалдаушыларын біріктіретін «Қазақстан автомобиль конвенциясы» қауымдастығының президенті Марат Берқалиев Қазақстан Республикасында автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі 3 жылға арналған шаралар кешенін бекітуге қатысты ұсыныстарын айтты. Онда тасымалдаушылардың шығындарын толық субсидиялау, паркті жаңарту және басқа да мәселелер көзделген.

Премьер-министр бұл ұсынысты қолдап, Көлік министрлігіне тиісті тапсырма берді.

«Сары-Арқа» халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры Ерлан Оспанов шағын авиация инфрақұрылымы үшін әуе хабтарын дамыту бойынша бірқатар шара ұсынды. Әуежайларды жүйелі дамыту, олардың экономикалық тұрақтылығын арттыру қажеттігіне баса назар аударылды.

Премьер-министр бастамаларға қолдау білдіріп, әуежайлардың жұмысы үшін бәсекеге қабілетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Аталған мәселеге қатысты егжей-тегжейлі пысықтау және шешім қабылдау үшін қосымша кездесулер өткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекет пен бизнестің белсенді өзара іс-қимылын қажет ететінін баса айтты. Мемлекеттік бюджет саланың барлық қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан жеке инвестициялар тартуға басымдық беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер