«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қанат Ибраев «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып сайланды

2025 жылғы 10 Сәуір
2714 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев сайланды. Дауыс беру ӨӨК кезектен тыс отырысы барысында өтті.

Комитетті 2023 жылдың шілдесінен бастап басқарған Тахмина Нағыманова төрағалық қызметін өз қалауы бойынша аяқтады. Жиын барысында «Қазақстан Республикасының химиктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Тахмина Нағыманова комитет жұмысын қорытындылап, әріптестеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

ҰКП Басқарушы директоры – Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқар атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың атынан өңдеу өнеркәсібін қолдауға әрі дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.

Жаңадан сайланған төраға Қанат Ибраев ӨӨК туралы Ережеде көзделген міндеттерге сәйкес екі жылдық мерзімге арналған даму жоспарымен бөлісті.

Бұған дейін Қанат Ибраев «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің мүшесі болған. 2023 жылғы наурыздан бастап Астана қаласы мәслихатының 8-шақырылымының депутаты.

Соңғы жыл ішінде Өңдеу өнеркәсібі комитетінің құрамына дауыс беру құқығымен бес жаңа қауымдастықтың өкілі енгізілді. Осылайша, бүгінде ӨӨК құрамына дауыс беру құқығы бар комитеттің 22 мүшесі мен кеңесші дауыс  құқығы бар 15 мүше кірді.

Комитет жеңіл, химия, ағаш өңдеу, жиһаз, целлюлоза-қағаз, полиграфия және өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларын дамыту және қолдау бойынша міндеттерді жедел шешуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер