«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табысты болудың құпиясы

2025 жылғы 12 Сәуір
- Алматы қаласы
345 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласының туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжінің алаңында «табысты кәсіпкер құпиясы» тақырыбында конференция өтті. Шақырылған қонақтардың қатарында қаладағы танымал рестораторлар, өткен жылдардағы табысты түлектер, халықаралық бизнесті дамыту және адами капиталды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін «Атамекен» өңірлік палатасы директорының орынбасары бар.

Ізденімпаз жастар бәріне қызығушылық танытады: негізгі капиталды қалай жинақтап, оны пайда әкелу үшін қалай басқару керек? Табысқа жету үшін қандай дағдыларды дамыту керек? Бизнесті нөлден қалай бастауға болады? және т. б.

«Rock cristal» мейрамханасының басқарушы директоры Евгения Кожаренко  еңбек жолын даяшы болып бастағанын атап өтті. Жауапкершілік, өзін-өзі жетілдіру, кез-келген мәселеге аналитикалық тұрғыдан қарау қабілеті оның өсуі мен жетістігіне қызмет етті.

«Бүгінде әлеуметтік желілерде лезде пайда мен сәттілікке уәде беретіндер көп. Сенбеңіз. Табысқа жету үшін кезең-кезеңмен қадам жасау керек. Белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе отырып, оларды бекіту керек. Ал, ең негізгісі – адам өз қалауын жетік түсінуі керек. Сонда арманына жетеді», - дейді Евгения.

Виталий Меркулов – «Камчатка» мейрамханасының бас аспазшысы. Оның пікірінше, қиындыққа мойымау керек.

«Қате жасамайтын адам жоқ. Тек әр қатеден сабақ алу керек. Және әр түрлі тәсілдерді қолданып көрген жөн. Қазір сіздерде жақсы білім мен тәжірибе алудың тамаша базасы бар. Оны да дұрыс пайдаланып, жақсы білім, жақсы тәжірибе алып шыққан дұрыс», - деп ой бөлісті ол.

Артем Евдокимов - осы колледждің түлегі. Қазір  ол Алматыда танымал екі мейрамхананың бас аспазшысы.

«Өз ресторанымды ашуға мен неше мәрте талпыныс жасадым. Оған да бірден келген жоқпын. Теледидарда аспаздық бағдарлама жүргіздім, өз күшімді басқа мамандықта да сынап көрдім. Бастысы – қорықпау керек. Табысқа жету – велосипедпен жүрген сияқты. Педальдарын айналдыруды тоқтатсаңыз,  велосипед құлайды, онымен қоса үстіндегі шабандоз да. Бір идея жүзеге аспаса, басқасын көріңіз. Тек, орта жолда тастамау керек», - деп кеңес береді Артем Евдокимов.

Әлібек Оразов табыстың құпиясын білім санатын үнемі көтеруде көреді. Тамаша басқарушы, ол екі жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған, ағылшын тілін жетік біледі, бұл оған өз бизнесін халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік берді.

«Мен өндіріс ашуды армандайтынмын. Осы уақытқа дейін тағдырым басқаша қалыптасып келді. Көптеген жылдар бойы әкімшілік және мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет еттім. Премьер-Министрдің кеңесшісі болдым. Тіпті облыс әкімінің орынбасары лауазымы ұсынылды. Бірақ арманына ұмтылмайтын адам жоқ шығар. Алған білімім мен тәжірибем сол арманымды іске асыруға мүмкіндің туғызды. Өндіріс аштым. Қазір қытай тілін үйреніп жатырмын, қытайлық серіктестермен үш келісімшарт бар. Яғни, табыстың құпиясы көбіне мақсатқа жетудегі табандылыққа және үнемі білім деңгейін көтеруде», - деп есептейді Әлібек Оразов.

Балалар ақылдарын ортаға салған аға буын кәсіпкерлерге риза. Олардың барлығы колледжді бітіргеннен кейін еңбек жолын бастайды. Оның әр кезеңінде осы кездесуде жүздескен табыстылардың кеңестерін пайдаланып, өздері де табысқа жететіндеріне сенімді болып тарқады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер