«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Атамекен" Павлодар палатасының басшысы "Қызылжар-Құс KZ" ЖШС өкілімен кездесті

2025 жылғы 28 Мамыр
- Павлодар облысы
831 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов "Құс фабрикасының жұмысын қалпына келтіру" жобасының жүзеге асырылуымен танысты.


Жобаны "Қызылжар-Құс KZ" ЖШС Ақсу қаласының Қызылжар ауылдық округінде іске асыруда. Зауыт жұмысын бастап, алғашқы құс сою жұмыстары жүргізілді. Жоба құны бес миллиард теңгені құрайды.

"Инвестор өз жобасын 2025 жылы іске асыра бастады, оны 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Аталмыш жобаны іске асыра отырып, 250 жұмыс орнын ашу көзделген. Сондай-ақ, құс фабрикасының қызметін қалпына келтіру өңірдің агроөнеркәсіптік кешені үшін үлкен маңызға ие. Жоба құс производства өндіру көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпорынды іске қосу жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, жем-шөп өндірісі, логистика және қайта өңдеу сияқты салалардың дамуына ықпал етеді. Бұл Ақсу экономикасы мен жақын маңдағы елді мекендер үшін мультипликативті әсер туғызады» - деді Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер