«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

BUSINESS BAILAM: Қытаймен және қытайлықтармен қалай жұмыс істеу керек?

2025 жылғы 30 Мамыр
2096 просмотров

2025 жылғы 17 маусым, Астана. Бұл жай ғана сандар мен сөз емес. Бұл – «Қытай+Орталық Азия» деп аталатын маңызды шара өтетін күн.

Қытаймен бизнес соңғы 30 жылда ерекше мәнге ие болды. Қазіргі таңда көптеген кәсіпкер осы бағытта табысты жұмыс істеуде: екі жақты тауар айналымы ондаған миллиардтаған долларға жетеді.

Десек те, үлкен көрсеткіштер мен достық және сауда қатынастарына қарамастан, аталмыш ел жайлы білетінімізден білмейтініміз де баршылық. Өзара сауданың көлемі қандай? Қытай табысының сыры неде? Қытайлықтардың шешім қабылдауы не себепті ұзаққа созылады? Біздің қарым-қатынасымызда қиындықтар орын алған ба? Визасыз режимді ескерсек, қытай туристері мен бизнесінің көптеп келуі қауіп төндіре ме? Форс-мажор туралы сертификаттарды кім береді, оларды қайдан және қалай алуға болады? «Қытай+Орталық Азия» екінші іскерлік кеңесіне кімдер қатысады?

Осы және өзге де мәселелерге BUSINESS BAILAM подкасының кезекті шығарылымында тоқталатын боламыз. https://www.youtube.com/watch?v=avx1giKBOb0&t=222s

Спикер: Мұрат Қарымсақов – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасы

Жүргізуші: Айжан Ысқақова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер