«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Абай облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барды

2025 жылғы 12 Маусым
- Абай облысы
266 просмотров

Абай облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің жоспарына сәйкес, Кеңес төрағасы А.А. Сүттібаев және өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Г.С. Зайниева Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – кәсіпкерлер тарапынан түскен шағымдарды қарау және мемлекеттік органдардың әрекеттеріне қатысты заң бұзушылық фактілерін зерделеу болды.

Осыған байланысты Курчатов қаласының әкімдігінде қала әкімі Б.Әбдіралиевтің қатысуымен арнайы жиын өтті.

Жиынның алғашқы күн тәртібінде «РАДИАЛ Лимитед» ЖШС тарапынан Курчатов қаласында 120 орындық балабақшаны қайта жаңғырту бойынша МЖӘ жобасын жүзеге асыруда туындаған қиындықтар туралы айтылды. Жекеменшік серіктес өз міндеттемелерін толық орындағанына қарамастан, Білім бөлімі тарапынан ресми жауаптардың болмауы және мемлекеттік сараптамаға қажетті құжаттардың кеш тапсырылуы бизнеске қосымша шығын болып отыр. Осы орайда Кеңес қкілдері тарапынан МЖӘ жобаларының уақтылы жүзеге асуын бақылау және әлеуметтік қызмет көрсетушілерге қатысты нақты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Сондай ақ, жиын барысында «MGM.Nur» ЖШС-нің өтініші бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерге ақы төлеу мәселесі көтерілді. Мекеме әлеуметтік осал топтарға үй жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсеткеніне қарамастан, мемлекеттік орган тарапынан төлемнің жасалмағанын жеткізді. Аталмыш мәселе бойынша Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы тарапынан прокуратураға мемлекеттік органдардың әрекеттерінің заңдылығын тексеру жөнінде ұсыныс жолданатын болды.

Жұмыс сапары аясында Курчатов қаласындағы балабақша нысанын көзбен көріп, нақты жағдаймен танысқан Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің өтініші бойынша проблемалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған нақты қадамдар ұсынды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер