«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында салалық кеңестер құрамын жаңарту бойынша өтінімдер қабылдануда.

2025 жылғы 01 Шілде
- Алматы облысы
363 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы салалық кеңестердің құрамын жаңарту мақсатында өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды. Бұл бастама өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамуына белсенді атсалысқысы келетін іскер жандар үшін үлкен мүмкіндік болып табылады.

Салалық кеңестер — бұл Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органдар. Кеңестердің негізгі мақсаты — кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін көтеріп, мемлекеттік және жергілікті органдармен тиімді диалог орнату, бизнестің мүдделерін қорғау.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 31 шілдеге дейін.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестері:

1) Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі мәселелері жөніндегі кеңес;

2) Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі кеңес;

3) Өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кеңес;

4) Білім мәселелері жөніндегі кеңес;

5) Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер мәселелері жөніндегі кеңес;

6) Туризм мәселелері жөніндегі кеңес;

7) Сауда және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі кеңес;

8) Әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі кеңес;

9) Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі салааралық кеңес.

Салалық кеңес мүшелігіне кандидат ұсыну үшін қажетті құжаттар:

Кандидаттың кеңес бағытын көрсете отырып, еркін түрде жазылған өтініші;

Кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі;

Үміткердің фотосуретімен түйіндемесі (резюме);

Жеке куәліктің көшірмесі;

Қатысушылар туралы анықтама (заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер немесе акционерлік қоғамдар үшін – Бірыңғай тіркеушіден алынған анықтама);

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы:

Алматы облысы, Қонаев қаласы, 2 шағынауданы, 44-ғимарат

Байланыс телефоны: +7 (727) 727-9683

Электрондық пошта: qonaev@atameken.kz

Кәсіпкерлік саласын дамытуға мүдделі азаматтарды осы бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз өңірлік кәсіпкерлікті жетілдіруге зор үлес қосары сөзсіз!

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер