«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әрбір бала Данышпан болуға лайықты

2025 жылғы 18 Шілде
- Ұлытау облысы
199 просмотров

Балаларға арналған дамыту орталығы «Данышпан» 2020 жылдың ақпан айында ашылды. Бүгінде Ұлытау облысында орталықтың үш филиалы табысты жұмыс істеп келеді. Орталықта шамамен 20 маман еңбек етеді: педагогтар, тәрбиешілер, жаттықтырушылар және көмекшілер.


Орталықтың басты бағыты – балаларды оқыту, тәрбиелеу және жан-жақты дамыту. 1 жастан бастап 7-8 жасқа дейінгі түрлі топтарға қабылдау жүргізіледі. Сонымен қатар, мұнда каратэ курстары да өткізіледі.
Орталыққа қалыпты дамып келе жатқан балалармен қатар, ерекше қажеттіліктері бар балалар да қабылданады. Олар үшін арнайы жағдайлар жасалған.
— Біздің басты мақсатымыз – баланың даму кезеңінің алғашқы сатысында дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Қазіргі таңда орталыққа 120-дан астам бала тұрақты түрде келіп тұрады. Әсіресе, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасымен атқарылып жатқан жұмысты ерекше атап өткім келеді. Палата сарапшылары жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Білім беру кеңесінің отырыстарында ұйымымызды дамыту үшін қажетті барлық ақпаратты алып отырмыз. "Атамекен" палатасының қолдауының арқасында мен әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ендім,— дейді «Данышпан» орталығының директоры Кауынова Маржан Найманқызы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер