«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП ескертеді: Палата азаматтарға қаржылай көмек пен инвестициялық салымдар жасамайды

2025 жылғы 11 Қыркүйек
472 просмотров

Соңғы уақытта «Атамекен» ҰКП-на азаматтардан тегін гранттар беру, әлеуметтік көмек, қаржылай қолдау, сондай-ақ біржолғы инвестициялық салымдар бойынша төлемдерге қатысты өтініштер жиі түсуде.

«Атамекен» ҰКП қаржылай көмек көрсетпейтінін әрі инвестициялық салымдар жасамайтынын ескертеді.

Палатаның негізгі міндеті – кәсіпкерлерді қолдау, оның ішінде консультациялар мен сервистік қызметтер көрсету.

Азаматтарды алаяқтардан абай болуға және ұсынылған ақпаратты мұқият тексеруге шақырамыз. Сенімді әрі ресми ақпаратты atameken.kz сайтынан немесе 1432 байланыс орталығынан ала аласыздар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174