«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП-да спорт, мәдениет және креативті индустриялар бойынша екі жаңа кіші комитет құрылды

2025 жылғы 02 Қазан
769 просмотров

Ілеспе бағыттарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін саланы дамытуға ықпал етудің қосымша мүмкіндіктері ашылуда.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Төралқаның Туристік сала комитеті жанынан екі маңызды сараптамалық алаң құрылды:

  • - Мәдениет және креативті индустриялар кіші комитеті
  • - Спорт мәселелері жөніндегі кіші комитет

«Бұл кіші комитеттер құқықтық қорғау тұрғысынан да, стратегиялық жағынан да маңызды. Олар мәдениет, креативті индустриялар және спорт бағыттарын дамыту бойынша жұмысты жүйелеуге көмектеседі», – деп атап өтті Туристік сала комитетінің төрағасы Юлия Якупбаева.

Кеше өткен алғашқы отырыста кіші комитеттердің құрамы бекітіліп, ел экономикасы үшін маңызды консультативтік-кеңесші органдардың төрағалары сайланды.

Мәдениет және креативті индустриялар кіші комитетінің төрағасы болып «Еуразиялық креативті индустриялар қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы және «Sun Events» ЖШС бас директоры Самидин Сәуле Самидинқызы сайланды. Ол саланың дамуына қажетті қолайлы құқықтық ортаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, әріптестерін әсіресе заңнамалық актілермен жұмысқа белсенді араласуға шақырды.

Спорт мәселелері жөніндегі кіші комитеттің төрағасы болып «Астана қаласының Спорттық құзға шығу, мұзға өрмелеу, альпинизм федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің президенті, JKFL жеке футбол мектептері мен академиялар лигасының төрағасы және Қазақстан футбол ұйымдары қауымдастығының басшысы Александр Александрович Разинков сайланды.

«Біз спорт бизнесін қаржылық тәуелсіз және тұрақты ететін қолдау тетіктерін әзірлейміз», – деп атап өтті Александр Разинков.

Құрылған кіші комитеттер «Атамекен» ҰКП және бүкіл бизнес-қауымдастық атынан мемлекетпен диалог жүргізу құқығына ие болады. Олар тиісті бағыттарға қатысты даму бойынша ұсыныстарын әзірлейді.

«Өте маңызды мәселе – қолжетімділік. Қосалқы комитеттердің құру кезінде сарапшыларға міндетті түрде қандай да бір қауымдастық мүшесі болу шарт емес. Біз спорт пен креативті индустрия саласына қатысы бар, белсенді және мәселелерге бейжай қарамайтын кәсіпкерлерді біріктіріп отырмыз. Олардың дауысы мен бастамалары мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ескерілетін болады. Мұндай тәсіл туризмді ілеспе салалар арқылы дамытудың жаңа драйверлерін кәсіби және білікті түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекен» ҰКП барлық мүдделі және белсенді сарапшыларды ынтымақтастыққа шақырады. Кіші комитеттер құрамына тек бірлестік өкілдері ғана емес, сонымен қатар өздерін осы бағытта сарапшы ретінде танытып жүрген және саланың дамуына бейжай қарамайтын жеке тұлғалар да кіре алады.

Қосалқы комитеттер құрамына енуге ниетті азаматтар өз өтініштерін d.zhumatayev@atameken.kz электрондық поштасына жолдауы немесе 8 (7172) 919354 нөміріне қоңырау шалуы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174