«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмыс істеу ерекшеліктері

2025 жылғы 17 Қазан
- Ұлытау облысы
146 просмотров


 

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша салалық кеңестің отырысы өтті.

Кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкер санатына жататын қызмет түрлері мен негізгі өлшемшарттар жан-жақты түсіндірілді.

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жәуен әлеуметтік кәсіпкерлерге ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар маңызды аспектілерге тоқталды. Атап айтқанда, гранттық қаражатты мақсатты пайдалану, құжаттарды дұрыс рәсімдеу мәселелері көтерілді.

— Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін заң талаптарын және қолдау көрсету шарттарын сақтау маңызды. Әсіресе бөлінген қаражатты игеру мен құжаттарды рәсімдеу барысына бақылау жасау қажет, — деді Маржан Әбдірашитқызы.

Сондай-ақ, форс-мажорлық жағдайларда (қолайсыз ауа райы, жеткізілімдердің кешігуі немесе басқа да күтпеген жағдайлар) әлеуметтік кәсіпкерлердің іс-қимылдары талқыланды. Мұндай жағдайларды құжат жүзінде қалай дұрыс рәсімдеу керектігі түсіндірілді. Бұл — гранттық бағдарламалар талаптарын бұзбау және әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін сақтап қалу үшін аса маңызды.

— Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеп, кәсіпкерлер тарапынан туындайтын сұрақтарға жан-жақты кеңес беру арқылы қолдау көрсетеді, — деп атап өтті Маржан Әбдірашитқызы.

Кездесу қатысушылары Палата мен облыс әкімдігінің жүйелі қолдауына қызығушылық танытып, мұндай кездесулердің, әсіресе әлеуметтік салада алғаш қадам жасап жатқан жаңа кәсіпкерлер үшін маңыздылығын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174