«Атамекен» Республика күніне орай белсенді кәсіпкерлерді марапаттады
Бүгін Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Республика күніне және Кәсіпкерлер күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара аясында отандық бизнес-қауымдастықтың белсенді өкілдері медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапат ел экономикасына елеулі үлес қосқан, әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғам өміріне белсене араласқан кәсіпкерлерге табысталды. Олардың ішінде шағын және орта бизнес иелері, салалық қауымдастық өкілдері, өңірлік палаталардың үздік мамандары да бар.
Салтанатты шарада «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов кәсіпкерлерді құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
«Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – бәрімізді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін күн. Бүгінде Қазақстан – мүмкіндіктердің, еңбектің және жасампаздықтың елі. Мұның бәрі – сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Елді алға жетелеп, экономика мен қоғамның дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтамыз. «Атамекен» ұлттық палатасында біз әрдайым кәсіпкерлердің жанынан табылып, бизнесті қолдап, бірге қуатты әрі сенімді Қазақстанды құруға күш саламыз» – деді Райымбек Баталов.

Марапат алған кәсіпкерлердің басым бөлігі – өз салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен, өңірлерде кәсіпкерліктің дамуына, еңбек нарығының тұрақтануына, экологиялық және әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтар.

Сондай-ақ, салтанатты шарада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де «Атамекен» ҰКП «Құрметті қызметкері» мерекелік төсбелгісімен, «Өз ісіне адалдығы үшін» медалімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.


«Атамекен» ҰКП бұл марапаттарды беру арқылы бизнес саласындағы оң үлгілерді дәріптеуді, елге қызмет етудің жаңа стандартын қалыптастыруды көздейді.

Республика күні – тек мемлекеттік мереке ғана емес, әр азаматтың елге деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін білдіретін күн. Бұл күні марапатталған кәсіпкерлер – осы құндылықтардың жарқын үлгісі.

Осылайша, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны мен сүбелі еңбегі үшін төмендегі кәсіпкерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды:
1. Дәурен Қабдулаұлы Ағзымов, «Qazaq Stone» Қазақстанның тас өңдеу саласының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы, «Center Stone» ЖШС басшысы – Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені;
2. Маржангүл Мұратқызы Ахмеджанова, «Intellecity» ЖШС директоры, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені;
3. Геннадий Алексеевич Шестаков, «KLS» ЖШС бас директоры, «Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы – Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені;
4. Гүлмира Исатайқызы Әбішева, «Балтик Контрол Қазақстан» ЖШС бас директоры – Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі;
5. Ләззат Ғазизқызы Идрисова, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС атқарушы директоры, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі – Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі;
6. Дәмелі Бақыткерейқызы Құнанова, «Атамекен» ҰКП Басқарушы директоры – Туризм департаментінің директоры – Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі;
7, Сергей Владимирович Филатов, «Промуглетранссервис» ЖШС бас директоры – Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалі;
8. Владимир Николаевич Кожевников, «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ атқарушы директоры – «Атамекен» ҰКП ІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
9. Максим Сергеевич Кононов, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ басқарушы директорының бірінші орынбасары – «Атамекен» ҰКП ІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
10. Ержан Темірғалиұлы Жакишев, қазақстандық тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының және Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығының бақылау кеңесінің Төрағасы – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
11. Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов, «KAZENERGY» Ассоциациясының бас директоры – «Атамекен» ҰКП Төралқасы Энергетика комитетінің төрағасы – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
12. Мұратбек Айбекұлы Исабаев, «Қазақстанның астық одағы» ұйымының атқарушы директоры – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
13. Бауыржан Ғалиақбарұлы Мұқан, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ сарапшысы, «Іскерлік ахуал» Тәуелсіз рейтингі» жобасы бойынша «Атамекен» ҰКП кеңесшісі – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
14. Нариман Раймуханұлы Қуанышев, «Қазцинк» ЖШС корпоративті басқару бойынша бас директордың орынбасары – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
15. Рахман Уалиханұлы Асамбаев, ТОО «CENTER –ENERGO» ЖШС басшысы – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
16. Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы Бас директорының орынбасары – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
17. Мунирам Қасымовна Ахметова, «Казақстандық туризм индустриясы» Республикалық Қауымдастығы» төрағасы, «Khan - Turan Travel» ЖШС бас директоры – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
18. Нұржан Әуезұлы Ниязалиев, «PANA GROUP» және «AQNIET GROUP» компанияларының тең құрылтайшысы және Бақылау кеңесінің мүшесі – «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
19. Махаббат Жұмабекқызы Чуватаева, «Қрылыс саласының қазақстандық қауымдастығы» Өзін-өзі реттейтін ұйымы» ЗТБ Басқарушы директоры - «Атамекен» ҰКП ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалі;
20. Аңсар Талғатұлы Сейсекеев, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Құқықтық жұмыс және сатып алулар департаментінің директоры – «Атамекеннің Құрметті қызметкері» төсбелгісі;
21. Раиса Қасымқызы Адамова, Кеме иелері мен теңіз индустриясы кәсіпкерлері қауымдастығы Президентінің кеңесшісі – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы
22. Хондамир Бахтиярович Юлдашев, «KazFerroGroup» ЖШС директоры – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
23. Арман Қаирберліұлы Қашқынбеков, «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің Бас директоры –«Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
24. Жанна Боранбайқызы Мананбаева, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директорының көмекшісі – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
25. Жанар Төлеповна Кожумратова, «Ұлттық бірлестігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «QAZTEXTILEINDUSTRY» ӨҰР ЗТЖКО менеджері – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
26. Асет Ұлықпанұлы Сыдықов, «Қаражыра» акционерлік қоғамының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
27. Николай Васильевич Юдин, Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы Бас директорының орынбасары - «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
28. Санжар Меирханович Татибеков, «Talap» Коммерциялық еме АҚ президенті – «Атамекен» ҰКП Құрмет грамотасы;
29. Алмат Серікбайұлы Әубәкіров, «Қазақстанның Ет-Сүт одағы» ассоциация түріндегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
30. Гүлназ Қынабыловна Бисенова, «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ Экология департаментінің директоры –«Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
31. Лаура Қаламғалиқызы Ибраимова, «PetroMining» Ассоциациясы аналитикалық бөлімінің директоры – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
32. Диана Қанатқызы Какенова, «Kazlogistics» Қазақстан көлік тасымалдаушылар одағының баспасөз хатшысы – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
33. Сайран Жаңабергенұлы Медеров, Қазақстан Республикасының ірі габаритті және ауыр салмақты жүк тасымалдаушыларының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
34. Галия Сериковна Мурзанова, Қазақстандық ІТ-компаниялар Қауымдастығының менеджері – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
35. Дамир Серікұлы Нарынбаев, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешенінің қазақстандық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты;
36. Ербол Нигиметоллаевич Сейпилов, «QAZAUTOSTANDARD» Автокөлік сарапшылары мен аудиторларының Қауымдастығы» ӨҰР» ЗТБ президенті – «Атамекен» ҰКП Алғыс хаты.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: