«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Колледждер мен бизнестің ынтымақтастығы: Перспективалар мен жаңа мүмкіндіктер

2025 жылғы 14 Қараша
- Ұлытау облысы
74 просмотров

 

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Колледждер мен бизнестің ынтымақтастығы: перспективалар мен жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқанов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жанибек Байғабелов, МСБ кәсіпорындарының өкілдері және әлеуметтік әріптестер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында адам капиталын дамыту, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланды. Осы бағытта Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы үйлестіруші және қолдау көрсету қызметін маңызды түрде атқаруда. Палатаның негізгі міндеті — колледждер мен кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатып, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау. Осы орайда дуальді оқыту жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тақырып өте өзекті, себебі болашақ мамандарды даярлау сапасы білім беру ұйымдары мен кәсіпорындардың бірлескен күш-жігеріне тікелей байланысты. 2025-2026 оқу жылында дуальді оқыту бойынша келісім-шарттар санын 30 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл өңірдегі кадрларды даярлау жүйесін жаңа деңгейге көтеруді білдіреді.

Іс-шарада сондай-ақ Палата ұйымдастырған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясындағы конкурс нәтижелері жарияланды. Конкурстың негізгі мақсаты — колледждердің тиімді және инновациялық тәжірибесін анықтап, жинақтап, тарату, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы практикаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы еңбек нарығының талаптарына сай білікті кадрларды даярлау жүйесін қалыптастыру болды.

Конкурсқа өңірдің 13 білім беру ұйымы қатысып, өз тәжірибелерін ұсынды. Байқау нәтижесінде үздік деп танылғандар — өз ісінің шеберлері. Енді біз «Кәсіби маман» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне көшеміз!

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды:

1. «Үздік кадрларды даярлау кәсіпорны» номинациясы
— «Kazakhmys Smelting» ЖШС.

2. «Үздік өндірістік наставник» номинациясы
— Мейржан Шекербекович Сериков, «Жезказған мұнай құбырлары басқармасы» ЖШС маманы.

3. «Үздік жұмысшы кадрларды даярлау колледжі» номинациясы
— «Жезказған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде колледждер мен Палата арасындағы, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174