«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әрбір дәмде сапа мен махаббат: Қатаркөлдік ірімшік өндірісіне саяхат

2025 жылғы 25 Желтоқсан
758 просмотров

Ақмола облысы Қатаркөл ауылының тумасы Руслан Соколов жеті жылдан бері сапалы өнім тек өз еңбегіңе деген сүйіспеншілікпен жасалатынын дәлелдеп келеді. 2025 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалисі Sokolov’s Cheese брендімен сиыр сүті мен ешкі сүтінен жасалатын авторлық ірімшіктер шығарады.

Арнайы түсірілімде Руслан өзінің ірімшік өндірісін көрсетіп, ірімшіктерді дайындау құпияларымен бөліседі және әрбір өнімді мінсіз дәмге жеткізетін ерекше ірімшік жертөлесімен таныстырады. Sokolov’s Cheese ассортиментіне халлуми, буррата, моцарелла, сулугуни, адыгей және басқа да авторлық ірімшіктер кіреді, олар тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаға ие.

Руслан Соколовтың өндірісі бірнеше беделді марапатқа ие болды: «Қазақстанның үздік тауары – 2025» конкурсының жеңімпазы, Франциядағы Mondial du Fromage алтын медалі, сондай-ақ Cheese Open Kazakhstan және Cheese Expo Moscow халықаралық конкурстарындағы бірнеше марапаттар.

Руслан Соколов өз ісіне адал, ұстанымдарына берік екенін дәлелдеп келеді. Оның өмір тарихы – еңбектің, шеберліктің және өз ісіне деген сенімнің ауыл бизнесін халықаралық деңгейдегі табысқа айналдыру жолынынң жарқын мысалы.

Түсірілімді көріп, әлемдік деңгейдегі ірімшік өндірісінің үрдісімен танысыңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174