«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізі бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Палатада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдері бар, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау Кеңес жұмыс істеуде.

СҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Кеңесі 2014 жылғы 19 маусым айында құрылды. Кеңес тһрағасы лауазымына Инесса Зайнулловна Куанова кандидатурасы ҚР ҰКП Басқармасы келісілген. 2014 жылда кәсіпкерлер құқықтарын қорғау Кеңестің 3 отырысы өткізіліп, 6 сұрақ қарастырылып, оның ішінде 3 ойдағыдай шешіліді, ал қалған 3 сұрақ қарастырылуда.

Кәсіпкерлер өтінімдердің статистикасы

2014 жылдың 1 қаңтар айынан бастап 1807 өтінім түсті, оның ішінде 935 құқықтық сұрақтары:

  •  бизнесті қорғау бойынша - 237;
  • 169 орындалған;
  •  68 орындалуда.

Таұырыбы бойынша түскен өтінімдердін 24 % салықтық әкімшілік ету тақырыбына келеді, 10 % мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне қатысты, 18 % табиғи монополия субъектілермен қарым-қатынасынан шығатын, оның ішінде 10 % энергетикамен байланысты, 15 % агроөнеркәсіп кешеніне келеді.

5 % мемлекеттік органдардың сот шешімдерін орындамауына байланысты, тергеу әрекет жасауда қылмыстық істерді жүргізу заңдылығын бұзу, рұқсат беру рәсімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласына өтінімдердің 10 % келеді. Өтінімдердің 14 % жеке кәсіпкерлік субъектілердің басқа салаларына байланысты.

2015 жылдың 6 айы ішінде Палатаға бизнесті қорғау мәселелері бойынша 137 өтінім түсті. Оның ішінде 81 ойдағыдай шешілген болатын. Жасалған талдаулардың нәтижелері бойынша түскен өтінімдердің көп бөлігі салықтық органдардың шешімдері мен әрекеттеріне қатысты (жалпы санының 21%), жер қатынастары бойынша (14,5%), жылжымайтын мүлікті тіркеу, оның ішінде заңдастыру бойынша(12%), мемлекеттік сатып алулар, оның ішінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ережелері бойынша сатып алулар бойынша (7%), табиғи монополия субъектілермен қарым-қатынасы бойынша (4%), лицензиялар мен рұқсаттарды рәсімдеу бойынша (4%), өрт қауіпсіздігі бойынша (4%), шаруашылық даулар бойынша (4%), еңбек даулар бойынша (4%) және т.б.

 

 

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер