«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық өндірушілер Берлинде өткен «Жасыл апталыққа» қатысты

2019 жылғы 21 Қаңтар
5885 просмотров

Қазақстан «International Green Week Berlin Жасыл апталығы 2019» 84-ші ірі еуропалық көрмеге қатысты. Тамақ өнеркәсібі, бағбаншылық, ауыл және орман шаруашылығына қатысты іс-шара Берлинде басталды

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан алғаш рет өңделген өнімдерді экспорттаушы қазақстандық өндірушілердің қатысуымен бірыңғай ұлттық стенд форматында таныстырылды. Стендке кондитер саласы, макарон өнімдері, жарма және ұн өндірісі, балық өнімдері, консерві өнімдері, био ыдырайтын пакеттер өндірісі, сонымен қатар бие сүті өнімдерін өндірушілер қатысты.

2018 жылы көрмеге әлемнің 66 елінен 1660 астам экспонент қатысып, 400 мыңға жуық келуші ұсынылған өнім түрлерімен танысты. Көрме бағдарламасына түрлі конгрестер, тақырыпқа қатысты салалық іс-шаралар, сонымен қатар стартаптарға арналған жаңа платформа кірді.

 Қазақстандық өндірушілердің өнімдері көрмеге келушілер мен еуропалық елдердің іскерлік ортасы арасында үлкен қызушылық тудырды, еуропалықтар табиғи және органикалық өнімдерге баса назар аударды.

 2019 жыл 20 қаңтарда Қазақстанның ұлттық стендінде Қазақстан-Германия Қоғамы күнін атап өтілді.

 Қазақстанның ұлттық стенді Қазақстан Республикасының экспортын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігі және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды.   

Көрме 2019 жыл 18-27 қаңтар күндері өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер