«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атбасарлық жастарға арналған «кәсіптік мансап жолы»

2015 жылғы 26 Мамыр
- Ақмола облысы
13200 просмотров

 

Іс-шараға екінші курстың елу екі студенті қатысты. Филиал директоры Данияр Ерденов тыңдаушыларға Кәсіпкерлер палатасының қызметі, оның басымдылықтары жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, осыдан соң өңір кәсіпорындары қажетсінетін, көп сұралатын және пайдалы мамандықтар жайлы консультация берді.

Акция жас мамандардың тұлғалық қабілеттері жағынан біршама сай келетін өз кәсіби қызығушылықтары мен қызмет ету салаларын, ішкі әлеуеттерін барынша ашатын мамандықтарды айқындауына көмектесті. Студенттер мұны болашақ жолдарын таңдағанда ескеретін болады.

Кәсіпкерлер палатасы Атбасар филиалының аудан жастары арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударуына себеп болып отырған – кәсіптер мен мамандықтардың сан түрлілігі, оқу мен жұмысқа тұрудағы үлкен мүмкіндіктер. Мұндай іс-шаралардв, сондай-ақ аудандағы жетекші кәсіпорындарға экскурсияларды филиал студенттер мен мектеп оқушылары үшін айына екі рет өткізіп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер