«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сервистік компанияларды іріктеу ашық өткізіліп жатыр

2015 жылғы 17 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
15143 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнеске сервистік қызмет көрсету үшін сервистік компанияларды іріктеу бойынша байқауға қатысқысы келетін өтініш иелерінің конверттерін ашты.

Барлығы 7 компания өтінім берген. ӨКП басшылығы серивстік компаниялар өкілдеріне сервистік компанияларды іріктеу бойынша құжаттама мәселелерін түсіндіре отырып, байқаудың әлеуетті қатысушыларымен кездесті.

«Біз сервистік компанияларды іріктеу жөніндегі комиссия құрдық. Оның құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, өңірлік Кеңес мүшелері, аккредиттеуден өткен кәсіпкерлер бірлестіктері және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы өкілдері кірді», - деп ортаға салды ШҚО КП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Оксана Желякова.

 

Сервистік қызмет көрсету үшін сервистік компанияларды іріктеу бухгалтерлік, салықтық есеп жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есеп жүргізу, консультация беру және менеджмент жүйелерін енгізу бойынша күллі процесті толығымен сүйемелдеу, маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер қимасында өткізіледі.

Іріктеуге қатысуға берілген өтінімдер салынған конвертті ашу хаттамасына Комиссия құрамы мен оның хатшысы қол қояды.

Конверттерді ашу хаттамасының көшірмесі өтініш беруші немесе оның уәкілетті тұлғасының сұрауы бойынша сұрау түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Конверттерді ашу және қараудың толық ашық өткізілуі үшін үзіліссіз бейнежазба ұсынумен процестің бейнетүсірілімі монтаждаусыз жүргізілді.

Қорытынды шығарылатын отырыс 2015 жылғы 19 маусымда өтеді. Онда да толықтай бейнетүсірілім жүргізіледі.


Ұқсас жаңалықтар:

Игорь Шацкий: «Дау тез шешіледі деген үміттеміз»
29 Қаңтар
2018
Шығыс Қазақстан облысы
Қылқан жапырақты қырықпа...
2 Ақпан
2017
Шығыс Қазақстан облысы
Байқау өткізілді
2 Шілде
2015
Жетісу облысы
Барынша ашықтық
25 Маусым
2015
Ақтөбе облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер