«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қылқан жапырақты қырықпа...

2017 жылғы 02 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
12218 просмотров

Шығыс Қазақстан облысында орман саласында қызмет етіп келе жатқан кәсіпорындардың жартысынан астамы, қылқан жапырақты ағаштарды санитарлық қырқуға үш жылға тыйым салынуына байланысты, өз қызметтерін тоқтатуы мүмкін

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше қоғамдық ұйымдардың басшылары Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдады.

«Шығыс Қазақстан облысының орман саласында жағдай ушығып тұр, – дейді олар. – Облыста бірнеше жылға қылқан жапырақты ағаштарды қырқуға мораторий жарияланды. Мұндай қаулы нақты материалдар негізінде емес, керісінше, ойдан құрастырылған дәлелсіз себептер тұрғысынан қабылданған».

Үкімет басшысына жазылған хатта, қоғамдық ұйым өкілдері, санитарлық қырқуларға тыйым салу туралы бұйрықта, санитарлық қырқулардың орман жағдайына тигізетін зияны ғылыми тұрғыда зерттелмегендігін және мораторийдің салдары орман өнеркәсібі саласына қаншалықты кері әсер ететіндігіне қатысты алдын ала зерттеулер жүргізілмегендігін атап өткен. Сонымен бірге, шенеуніктер кәсіпкерлердің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын санитарлық қырқуларды  ескере отырып әзірлегенін ескермеген. Сондай-ақ, жергілікті шенеуніктердің тыйым салу туралы негізсіз талаптарынан кейін, нарықта жоғары сұранысқа ие ағаш отындарды дайындауға мүмкіндік болмаған.

Осылайша, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері хатта атап өткендей, 2003 жылы қылқан жапырақты ағаш түрлерін қырқуға мораторий енгізген уақыттан бастап, орман өнеркәсібінде осындай келеңсіз жайттар орын ала бастаған. «Нәтижесінде не болды? 2003 жылы қызметкерлер саны 4500-ден 2500-ге кеміді, ал қазір орманда 1300-1500-дей адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар саны 495-тен 86-100-ге дейін азайды. Бұл – белгілі бір маусым аралығында ғана жұмыс жасайтын кәсіпорындарды қоса есептегендегі көрсеткіш», деп жазылған хатта.  Республикалық комитет жүргізіп отырған тиімсіз саясаттың кесірінен, мәселе осылайша тығырыққа тірелді, дейді қоғам белсенділері.

2005 жылы Қазақстанда орманды ұзақ уақыт бойы пайдалану институты құрылған екен. Оған сәйкес, мемлекет кәсіпкерлерге орманды жерлерді 49 жылға жалға береді. Хат авторларының бірі, ШҚО Орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Владимир Резановтың айтуынша, бүгінде ШҚО-дағы орман шаруашылығында 15 ұзақ мерзімді кәсіпорын мен 100-ге жуық шағын кәсіпорын жұмыс жасайды.

ҚР Орман кодексіне сәйкес, орманды пайдалануға оны ұзақ мерзімге жалға алушылар мен орман шаруашылығы иелері құқылы. Ал, тәжірибе көрсеткендей, өңірдегі орман шаруашылығы иелері ұзақ мерзімді кәсіпорындар жоқ жердегі ағаштарды ғана кесіп қоймай, сонымен бірге, олар жалға алған аумақтардағы ағаштарды да қырқатын көрінеді.

«Ұзақ мерзімді жалға алушыда мемлекетпен 49 жылға жасалған келісімшарт бар, ал орман шаруашылығы иелері оның меншігіндегі ормандарды шауып, құқықтарын таптап отыр. Мен, осыдан бірнеше жыл бұрын, санитарлық үлгідегі қырқуларға қарсы шыққан адамдардың бірі болдым, – дейді Владимир Резанов. – Бізде кей жылдары тіпті, санитарлық қырқу көрсеткіштері 130-160 мың текше метрге дейін жетіп жатады және бұл кезеңде ұзақ мерзімді жалға алушылар тек 30 мың текше метр ағаш кескен. Ал, қалғаны – орман шаруашылығы иелерінің үлесінде».

Орман және аң шаруашылығы комитеті сарапшыларының хабарлауынша, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап, санитарлық қырқуларға тыйым салу туралы қаулыға қол қойылмаған және ол тиісінше өз күшіне енбеген.

«Біз қаулы жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-сайтына жарияладық, ал қаулы мемлекеттік органдар тарапынан мақұлданып жатыр», – деп хабарлады сарапшылар.

Қаулы жобасы мәтінінде: «Орман шаруашылығының жаңа материалдарын және қылқан жапырақты ормандарға зиян келтірушілер мен ауруларды ғылыми тұрғыда зерттеу нәтижелерін алғанға дейін, мемлекеттік орман қоры аумағында, қылқан жапырақты көшеттерді санитарлық кесуге тыйым салынады» делінген. Ал, қолданыстағы тәжірибеге сай, әр жылдың соңында, орман және аң шаруашылығы комитеті арқылы, ұзақ мерзімді жалға алушы кәсіпорындарға келесі жылға арналған орман қорларын үлестіретін көрінеді. Бұл құжаттарда, қырқудың барлық түрлері мен әр орман шаруашалығы иелеріне және кәсіпорындарға тиесілі үлестер көрсетіледі. Құжаттағы орманды жерлердің көлемі, 2009 жылы өңірде жүргізілген орман шаруашылығы материалдарына негізделеді. «Жалпы комитеттен қорларды үлестіру туралы құжаттар, бізге желтоқсанның 20-ларында келетін. Ал, 2017 жыл ерекше болды, – дейді орманды жерлерді ұзақ мерзімге жалға алушылар. – Қорларды бізге тек қаңтар айының ортасында ғана берді.  Бастысы – тыйым салу туралы қаулыға әлі қол қойылмаған және ол өз күшіне енбеген. Ал, санитарлық қырқулардың барлық түрлерін (оның ішінде тұтас және таңдаулы түрлері де бар) қор ұсынған құжаттардан алып тастаған. Яғни, іс жүзінде, мұндай қырқуларға тыйым салынып отыр. Қазірдің өзінде ағаштардың жапырақты түрлерін кесуге рұқсат берілді, алайда нарықта оған деген сұраныс өте аз».

Осылайша, қырқуға рұқсат етілген 63844 текше метр жапырақты ағаш кесінділерінің тек 50 мың текше метрі ғана кәдеге жаратылатын көрінеді.

Сонымен бірге, қоғамдық ұйым мүшелері, ШҚО аумағында бар-жоғы 9103 текшеметр көлемдегі қылқан жапырақты көшеттерді қырқуға ғана рұқсат берілді дейді. Бұл ретте, кәсіпкерлер үшін қиынға соғып отырғаны – ағаштары қырқуға рұқсат берген орман алқаптарының барлығы қолайсыз жерлерде орналасқан. Ондай жерлерде ағаш кесу үшін, кәсіпкерлерге жол салып, арнайы техникамен баруға тура келеді екен. Осыған орай, ол жерлер бизнес үшін тиімсіз дейді олар.

Ал, атқамінерлердің мораторий жариялау себебі – жоспардағы ағаш кесу жұмыстарын 2010 жылға дейін-ақ орындап тастаған.

Осыған орай, комитет қызметкерлері, өз кезегінде, заңсыз кәсіпкерлер ормандағы шіріген, ауру ағаштарды санитарлық қырқу кезінде, жапырағы жайқалған ағаштарды да орып тастап жүр дейді. Ал, табиғатқа зиянын тигізетін, ауру ағаштар кесілмеген күйі қалып отыр екен.

Қазақ орман шаруашылығы кәсіпорны, санитарлық тазартулардағы басты мақсат – ормандар жағдайын жақсарту екенін, алайда ол әлі күнге дейін дұрыс орындалмай келе жатқанын айтады.

Осыған байланысты, қоғамдық ұйым өкілдері санитарлық қырқуларға қатысты мораторий заңды бизнестің, орманды ұзақ мерзімді пайдалану институтының дамуына кедергі келтіріп отыр дейді. Шенеуніктер осылайша сыбайлас жемқорлық жайлаған орман шаруашылығын уыстарынан шығармай, монополиялап отыр дейді белсенділер.

Қорыта айтқанда, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Премьер-министрге жолдаған хатында, аталған тақырып бойынша немесе 2019 жылға дейін, яғни, келесі орман жерлерін үлестіру процесін жүзеге асырғанға дейін, санитарлық қырқуларға тыйым салу жөніндегі қаулының өз күшіне енуін тоқтату туралы ұсыныс айтып отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Игорь Шацкий: «Дау тез шешіледі деген үміттеміз»
29 Қаңтар
2018
Шығыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер