«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әйелдер бизнесі дамуда

2016 жылғы 18 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
10189 просмотров

Булаевта тағы бір кафе ашылды

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданындағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен жергілікті тұрғын Әлима Мұқышева мәзірі үй тағамдарынан тұратын кафе ашты.

Кәсіпкер кафе ашу туралы тілегін Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілеріне білдіріп, олардан жеке кәсібін ауданның салық органдарына тіркеуге және қажетті құжаттарды жинауға көмектесулерін сұраған.

«Біздің кеңесшілер жас кәсіпкерге қажетті барлық құжаттарын алуға және басқа да мәселелерін шешуге бастан-аяқ қолдау көрсетті. Сондай-ақ оған санитарлық-эпидемиологияық қорытынды мен салықтық есепті өткізуге жәрдем берді. Наурыз айының басында кафе ресми түрде ашылды. Кафе орталық базардың аумағында орналасқандықтан, Мұқышевада клиентке қатысты мәселе туындамайды», – дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының директоры Нұржанат Шәрімов.

Жеке бизнесін жүргізуде әлі талай мәселелердің туындайтынын бағамдар болсақ, бұдан былай жас бизнес-ханым КҚО-ның тұрақты клиенті атанады деуге болады.

«Ауданымыздағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілерінің жұмысына көңілім толды. Кәсібін жаңа бастаушы кәсіпкер ретінде барлық толғандыратын мәселер бойынша мен тек соларға ғана барамын, өйткені тек солар ғана менің сұрақтарыма толық жауап беретінін, барлығын толық түсіндіріп, кәдеге жарарлық кеңестер бере алатынын білемін. Көп ұзамай көбірек клиенттерге қызмет көрсету үшін, кафемді кеңейтуді жоспарлаудамын. Сондықтан оларға тағы да көмек сұрап келуді ойлап отырмын», – деп күлімдейді Әлима.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер