«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті құрамның үлесі қандай?

2016 жылғы 22 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
11395 просмотров

СҚО Кәсіпкерлер палатасы енді квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларын да бақылайтын болады

Бұл Палата құрған Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуларындағы жергілікті құрам үлесін арттыру жөніндегі комиссияның арқасында мүмкін болып отыр.

«Республикадағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор сатып алуларына тарту бойынша атқарылып отырған жұмыстарға сәйкес біз облыстағы осындай компанияларды қатыстыра отырып комиссия құрдық. Олар АО «ПЗТМ», «Мұнаймаш» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» пен «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациясының облыстық дирекциясы.  Бұл комиссияның қызметіне келер болсақ, біз осы компаниялар қандай сатып алуларды жүзеге асырмақ екенін бақылап, оған біздің тауар өндірушілерді қалай тартуға болады деген мәселеге бас қатырамыз», – деді СҚО КП директоры Тұрар Ысқақов.

Айта кету керек, комиссияның алғашқы отырысы «ПЗТМ» АҚ 2015 жылғы өнімдерін сатып алу және өткізу қорытындыларына, сонымен бірге кәсіпорындардағы осы бағыт бойынша туындап отырған проблемаларды талқылауға арналды.

Мысалы, 2016 жылы кәсіпорын жалпы құны 1,3 млрд. теңге болатын тауарлар, қызметтер және қызмет көрсетулер сатып алуды көздеп отыр. Биылғы жылдың алғашқы маусымында осы мақсатта 450 млн. теңге жұмсалып қойған. Былтырғы жыл бойынша сатып алулардың жалпы сомасы 2,4 млрд. теңге, яғни биылғыға қарағанда көп болған, аталған соманың 607 млн.-ы отандық тауар өндірушілерден қызметтер мен қызмет көрсетулер сатып алуға кеткен, яғни бұл кәсіпорынның өткен жылдардағы сатып алуларында жергілікті құрам үлесі 25% болған.

Осы сандарды нақтылай отырып «ПЗТМ» АҚ директорының орынбасары Владимир Коршов сатып алулардың азаюы ең алдымен бүгінгі нарық жағдайына, дәлірек айтсақ, мұнай-газ өндіру және көлік салаларындағы өндіріс көлемінің кему себебіне байланысты екенін жеткізді.

«Егер бұған дейін біз жасаған келісім-шарттар көлемі мұнай-газ өндірісі мен көлік салаларында 75% болған болса, мұнай бағасының арзандауы мен тасымалдаулардың айтарлықтай азаюына байланысты бұл кезеңді дағдарыс деп айтуға болар еді. Сондықтан да біздің кәсіпорын қазірде тек шетелдік, я болмаса «Теңізшевройл», «Оралмаш», «Қазақмыс» секілді т.б. жетекші компаниялармен ғана жұмыс жасайды. Оларға арнап бұрғылау кешендері мен ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеуден өткізуге арналған агрегаттар жасап шығарып қана өз экономикалық жағдайымызды теңестіріп отырмыз. Соынмен бірге, бұл нысандар осыған дейінгілердің 10%-ын ғана құрайды», – деді Владимир Ковшов.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастыру процедурасының өзінде белгілі бір проблемалар бар. Олар «ПЗТМ» АҚ секілді компаниялар қызметіне кері әсерін тигізуде. Сондықтан да кәсіпорын басшылығы халықаралық компаниялардың үздік тәжірибесіне сүйене отырып жасалған салалық ережелерді жасау қажетілігін бірнеше мәрте айтқан болатын. «ПЗМТ» АҚ директоры орынбасарының пікірінше, халықаралық сапа жүйесіне сәйкестікке осылай ғана қол жеткізуге болады.

Отырыс аяқталған соң комиссия мүшелері «ПЗТМ» АҚ, сонымен бірге Солтүстік-Қазақстан кәсіпорындары сатып алуларына отандық тауар өндірушілерін барынша тарту мәселесін қарау туралы шешім шығарылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер