«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес еңсесін тіктесін десеңіз...

2016 жылғы 21 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
8419 просмотров

ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі төрайымы Инесса Куанова ҰКП ІІІ съезінде  «Ісіне адалдығы үшін» үшінші деңгейлі медалімен марапатталды  

«Маған тапсырылған «Ісіне адалдығы үшін» медалі – елімізде бизмесмендерді қорғау сәтті жүргізіліп жатқандығының, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары еліміздің бизнесі дамытып,  экономикасы нығаюы үшін көп күш-жігер жұмылдырып жатқандығының  белгісі деп ойлаймын», – деді  Инесса Куанова.

Бір қосары,  Инесса Зайнулловна – отставкаға шыққан  құрметті сот судьясы,  Дариға Назарбаева ұйымдастырған «Мен заңда нені өзгерткім келеді, бұл менің еліме не береді?» конкурсының  «Азаматтық құқық бойынша ең үздік жұмыс» аталымы бойынша жеңімпазы. 2014 жылы ҚР ҰКП Арбитраждық  және  аралық талқылау орталығы арбитрлері құрамына кірді.

Жалпы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі жұмыс істеген жылдары 17 мәжіліс өткізді, бизнестің 100-ден астам қиыншылықтарын шешіп, 50-де аса  мәселені қарады.

«Талдау көбіне кәсіпкерлік субъектілері тексерулерге ренішті екенін көрсетті. Егер оларды жіктеу  жайлы айтсақ, салықтық мәселелер бірінші орынға шығады, сонан соң жалған кәсіпкерлікпен, жыл сайынғы лицензиялық алымға, бақылау-кассалық машиналар орнату проблемалары бар. Құрылысқа, жер қатынастарына, экологияға байланысты мәселелер де әлі күнге дейін күн тәртібінде тұр. Жинақтай алғанда мұның бәрі бизнесті қалыпты жүргізу үшін көп кедергі болуда», – деп түйіндеді ойын  директордың құқықтық мәселер жөніндегі орынбасары, Кеңестің хатшысы Жеңіс Қазиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер