«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кадр мәселесіндегі серпінді қадам

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
8636 просмотров

Бұл туралы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов айтты

«Серпін-2050» бағдарламасына Солтүстік Қазақстанның қатысуы кездейсоқ емес. Мұрат Әбеновтің айтуынша, өңірдегі жұмысқа қабілетті тұрғындарының саны жыл сайын 1-3%-ға азайып отырады екен. Мұндай көрсеткіш болашақта кадр тапшылығына әкелуі мүмкін. 

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгінде жастарды кәсіпкерлікке оқытумен айналысып келеді. Бүгінде, әлемде орын алған экономикалық жағдай себебінен, жұмыс орындарының айтарлықтай бөлігін болашақта шағын және орта бизнес ұсынатын болады. Бұл шамамен 80%-дай. Жастар бұған дайын ба? Мәселе сонда. Сондықтан, біздің сапарымыздың мақсаты – колледжер мен университеттерде «Коммерцияландыру орталықтарын» құруға бағытталған жобалар жасау», – деді ол.

ҰКП өкілі кәсіпкерлікпен екінші курстан бастап айналыса бастаған дұрыс деп есептейді. Ал Палатаның осы бағытта жүргізіп отырған қыруар жұмысы бұған көмек бола алады. Жастарға арналған арнайы старт-ап жобалар бар. Ерте кәсіптік бағдарлану және бизнес саласындағы жастардың белсенділігін арттыру мәселелерін ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары СҚО-ның бірнеше оқу орындарында талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер