«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәуекел мен табыс қатар жүреді

2016 жылғы 07 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
8289 просмотров

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы асында білім берудің бірінші кезеңі аяқталды

Күздің басында облыстық Кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер мектебі» жобасына қабылдау үшін, 18 бен 29 жас аралығындағы бастамашыл қыз-жігіттер арасында байқау жариялағанын хабарлаған еді. 25 жас өз өмірлерін өзгертіп, өздерін бизнесмен рөлінде сынап көргісі келіпті. Олар 5 күн бойы бизнес-тренерлермен бірге кәсіпкерлік қызметтің қыр-сырын меңгерді. Бизнес-жоспарлар әзірлеп, шағын және орта бизнесті қолдаудың барлық құралдары туралы ақпараттарға қанықты. Жобаның басты мақсаты – жастар арасында өз ісін ашу туралы идеяны тарату. Оқу тегін өтті. Курсты тәмамамдаған барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Соның арқасында жас кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша тағайындалатын кәсіпкерлік гранттарды алуға өтінім бере алады.

Сондай-ақ бүгін «Идеялар жәрмеңкесіне» қатысатын үздік бизнес-жобалар іріктелді. 25 бизнес-жобаның 3-і таңдалды. Үздік идеялар үштігіне енгендер: «МармЕлаД» отбасылық клубы, жұқа ламбрекендер өндірісі және түйетауық өсіру. «Мен үшін бұл өзімді жаңа бір істе сынап көруге берілген мүмкіндік. Мұндай жобалар жастар үшін өте қажет әрі маңызды деп ойлаймын. Менде идея болған, алайда жоба оны грантқа қатысу арқылы шындыққа айналдыруға мүмкіндік сыйлап отыр. Әрине, ең бастысы – оқу. Біз ойымызға көп нәрсені түйдік, қандай қолдауды пайдалана алатындығымызды, қандай тәуекелдер күтіп тұрғанын білдік. Ең бастысы барлық ақпараттарды оңай түсіндірді», - дейді жобаға қатысушы Александра Агеева.

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша барлығы 50 жас оқытылады. 6-ы оқу аяқталғанда өтетін «Идеялар жәрмеңкесінің» бас жүлдесі үшін өзара бақ сынасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер