Субсидия алушылар саны саябырламай тұр
Кәсіпкерлер палатасының Мамлют ауданындағы филиалына түскен өтініштер саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен
Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестицияларды субсидиялау бойынша өтінімдер қабылдау басталғандығы туралы хабарлай салысымен, Палата филиалы қызу тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Менеджер-кеңесші Оксана Камалетдинованың тіпті бос уақыты жоқ. Ол инвестициялық салымдар кезіндегі АӨК (ауылшаруашылық өндірістік кооперативі) субъектілері жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін, субсидиялау бағдарламасы бойынша 26 жобаны толықтай сүйемелдеп келеді. Бұл ережелер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвестордың техника мен жабдықтар сатып алуға жұмсаған шығындарын 20-дан 80%-ға дейін өтеуге бағытталған. «Бұл бағдарлама бойынша әлеуетті инвесторларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қажетті құжаттар пакетін жинауға көмек көрсетіліп, өтінімдер әзірленді. Инвесторға барлық құжаттар пакетін Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізу ғана қалады. Мемлекеттің Мамлют ауданындағы шаруаларға төлейтін инвестициясының жалпы құны 300 млн теңгеден астам», – дейді менеджер-кеңесші Оксана Камалетдинова.
Әрине мұндай қолдауды пайдаланғысы келетіндердің саны аз емес. Солардың бірі – Забкен Шаяхин. Ол Палата мамандарының көмегінсіз ештеңенің байыбына бара алмасын айтады. «2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» арқылы астық жинайтын комбайн сатып алдым, бірақ ол кезде мемлекет мұндай қолдау танытады деп ойламап едім, – дейді «Сенім» ЖШС директоры Забкен Шаяхин. – Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мамандары көрсеткен көмек үшін көп алғыс білдіргім келеді. Мен тек қана қажетті құжаттарды алып барып, сосын дайын құжаттар пакетін облыс орталығына апардым».
Филиалдағы жұмыс өзге де бағыттар бойынша қызу жүріп жатыр. Мәселен, кеңесшілер мемлекеттік бағдарлама бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы жанар-жағармай материалдарының бағасын арзандатуға және гербицидтер бағасын субсидиялауға өтінімдер рәсімдеді. Жалпы сомасы 7 255 300 млн теңге субсидия алу үшін ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден 18 өтінім түсіріп, олар түгел мақұлданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: