«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тендерге бақылауды күшейткен жөн

2017 жылғы 03 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
8667 просмотров

Бұл қадам мемлекеттік сатып алу аясындағы құрылыста жергілікті қамтуды бақылауға мүмкіндік береді

Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен отандық тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық тауарды алға жылжыту жөніндегі комиссияның тендералды және постендерлік бақылау бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысында талқыланды.

Тапсырыс берушілер, мердігерлер мен өндірушілер бірінші рет арнайы бас қосты. Жиында қызмет көрсету саласында отандық өндірушілер мен жеткізушілердің қатысу әлеуетін айқындау және мониторинг үшін нысандарды анықтау талқыланды. Мемлекеттік тапсырыс аясында тек отандық құрылыс материалдарын қолдану мәселесі көтерілді. Жиналғандар отандық тауар өндіруші туралы ақпарат болмағандықтан, жобалық шешімдерге көбінесе шетелдік технология мен материалдар  енгізілетіндігін жеткізді. «Құрылысты іскер асыру кезеңдерінде бақылау болмағандықтан, тапсырыс берушілердің салғырттығы байқауда жеңіп алған мердігерлердің жобаға өз білгенінше өзгертулер енгізуіне, отандық тауарды импорттыққа алмастыруына жол береді. Жоба бекітіліп кеткенде қандай да бір өзгеріс енгізу тым кеш. Сондықтан мемлекеттік сараптамада жобаны жасау кезінде және бекітуде жергілікті құрам үлесін бақылау керек», – дейді Кәсіпкерлер палатасының экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары Марат Ысқақов.

Солтүстік Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы бұл мәселені шешуге болатындығын айтып отыр. Жобалаудың алғашғы кезеңі аяқталғаннан кейін құжаттар төтенше жағдайлар, экология, санитарлық қызмет және мемлекеттік сараптама бөлімдерінен келісімнен өтуізілуі керек. Дәл осы кезеңде жобадағы жергілікті үлес көлемін бақылаған тиімді. Жиында құрылыс жобаларындағы жергілікті үлестің қамтылу деңгейін бақылаумен айналысатын жұмыс тобын құру ұсынылды. Сондай-ақ, жұмыс тобы өңірдегі мекемелер мен кәсіпорындардың жергілікті тауарды сатып алу бойынша келісім шарттарын орындауын қадағалап, нарықтың, баға шарттары мен ұсыныс сұранысын сараптау керек.

Топтың міндеттері:

- жұмыс пен қызмет көрсетуге арналған барлық байқауларда өндірушілердің мүдделерінің сақталауын қамтамасыз ету;

- жобаларды жергілікті үлесті есепке ала отырып түзету кезеңінде мемлекеттік сараптамамен өзара бірлесуді қамтамасыз ету;

- тауар өндірушілерге ұзақ мерзімді жүйелі жоспарлауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз ету.

Тапсырма оңай емес, дегенмен оны орындау отандық үлесті біршама арттыруға және отандық өндірушіні айтарлықтай қолдауға мүмкіндік береді.

«Посттендерлік бақылауды бүгін енгізу қажет, оның тетігі жобалау кезеңі болмақ, ал басқару тетігі – бағдарлама әкімшісі, мемлекеттік сараптама, сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы. Сатып алу кезінде және қабылдауда тапсырыс беруші қадағалау керек. Тендер алды және посттендерлік бақылау отандық компаниялардың мемлекеттік сатып алу арқылы жүктеуге мүмкіндік береді», ­– деп атап өтті Марат Ысқақов.

Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер қажетті көлемді өздері-ақ орындай алатындықтарын, әлеуеттері жететіндіктерін айтып отыр. Бастысы тек жоспарлар жүзеге асырылса болғаны.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер